Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Үкіметтің жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылы студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 10 740 орындық 31 жатақхананы іске қосу жоспарланған.
Жыл басынан бері 8 757 орынға арналған 26 жатақхана пайдалануға берілгені атап өтілді. Жыл соңына дейін 1 983 орындық тағы 5 жатақхана қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Жалпы, 2018 жылдан бері студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы 72,5%-ға: 2018-2019 оқу жылындағы 61,4 мың орыннан 2024-2025 оқу жылындағы 16,9 мың орынға дейін қысқарды. Бұл студенттердің өмір сүру жағдайының айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді.
Президент тапсырмаларын орындау: Елімізде 10 мыңнан астам орынға арналған жатақханалар іске қосылады

