2025 жылғы отандық кино: жарқын премьералар, миллиардтаған табыс және саланың дамуы

2025 жылғы отандық кино: жарқын премьералар, миллиардтаған табыс және саланың дамуы

2025 жылы мемлекеттік қолдау арқылы түсірілген «Qaitadan» фильмі қазақстандық киноиндустриядағы ең табысты картиналардың қатарына енді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Фильм прокаттан 1 миллиард теңгеден астам табыс жинады. Туынды мемлекет жұмсаған қаражатты толық қайтарып қана қоймай, оны бес есе арттырды. Бұл жетістік мемлекеттік қолдаудың нәтижелі болғанын айқындап, көрерменнің отандық киноға деген сенімін нығайта түсті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Кинематография туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстарын жүргізуде. Бұл түзетулер фильмдерді прокатқа дейінгі сараптау рәсімін жетілдіруге және ұлттық фильмдердің сапасын арттыруға бағытталған.

Жылдың маңызды жетістіктерінің бірі – «Қазақфильм» киностудиясына мемлекеттік қолдаудың қайта жандануы. Студия қазақ киносының Алтын қорын қалпына келтіру шараларын жалғастыруда.

Сонымен қатар студия ғимараттарын жаңарту жұмыстары басталды. Соңғы 15 жылда алғаш рет жөндеу жұмыстары жекеменшік сектордың қатысуымен жүзеге асты. Жоба толықтай жеке қаражат есебінен жүргізілді.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жариялаған конкурс нәтижесінде 16 жаңа жоба жеңімпаз атанды. Олардың қатарында тарихи және патриоттық тақырыптарға арналған фильмдер бар.

2025 жылы прокатқа 10 отандық фильм шықты. Олардың қатарында «90+1», «Тарлан», «Игроманка», «Капитан Байтасов», «Qaitadan», «Алтын адам» анимациялық фильмі және басқа да туындылар бар.

«Qaitadan» фильмінің режиссері Думан Еркімбек мемлекеттік қолдаудың маңызын атап өтті.

«Qaitadan» фильмі Ақтауда өткен «Қорқыт ата» фестивалін ашты. Сонымен қатар Римде өткен Қазақстан киносы апталығының бірінші күні көрсетілді. Бұдан бөлек, мен жас режиссерлер мен продюсерлерге арналған Шанхай ынтымақтастық ұйымы бағдарламасы аясында Қытайда тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болдым. Жас буынға көрсетілетін мемлекеттік қолдау жаңа мақсаттарға жол ашып, қазақстандық киноның жаңа деңгейде дамуына мүмкіндік береді»,– деді ол.

Отандық «Бауырына салу», «Шатырдағы екеу», «Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда», «Победителей видно на старте» және басқа да фильмдер АҚШ, Ресей, Франция, Италия, Қытай және өзге елдерде өткен халықаралық кинофестивальдерге ұсынылып, 30-дан астам беделді марапатқа ие болды.

Актер Бақыт Қажыбаевтың жетістігін де ерекше атап өткен жөн. Ол ШЫҰ елдерінің кинофестивалінде «Үздік актер» номинациясын иеленді. Фестиваль Қытайдың Чунцин қаласында өтті, онда актер «Набат операциясы» фильміндегі рөлі үшін марапатталды.

Тамыз айында Қазақстан Циндао қаласында өткен ШЫҰ елдерінің кино апталығына қатысты. Бағдарламаға «Обучение Адемоки» және «Ағайындылар» фильмдері енді.

Қазақстан киносының күндері 15-тен астам елде өтті. Атап айтсақ, Грекия, Қырғызстан, Албания, Франция, Норвегия, Италия, Чехия, Жапония, Түркия, Сингапур, Әзербайжан, Ресей, Бельгия, Өзбекстан және басқа да мемлекеттерде отандық кино көрсетілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен аптада...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бағытындағы тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес...

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанын жариялап, үміткерлерге қойылатын талаптар мен...

Кентау қаласында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен...