Шымкентте тағы бір жаңа жедел қызметтер кешені ашылды

Шымкентте тағы бір жаңа жедел қызметтер кешені ашылды

Шымкент қаласының Сауле шағынауданында өртке қарсы қызмет, жедел медициналық жәрдем және полиция бөлімшелерін бір орталыққа біріктірген заманауи әмбебап жедел қызметтер кешені іске қосылды. Нысанды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Кеген Тұрсынбаев ресми түрде ашып берді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Салтанатты рәсімге қала әкімінің орынбасары Берік Беркімбаев, азаматтық қорғау ардагерлері және салалық қызметтердің өкілдері қатысты.

Жаңа кешеннің құрылуы мегаполистің қауіпсіздік жүйесін нығайтуға, сондай-ақ төтенше жағдайларға жедел әрекет ету қабілетін арттыруға бағытталған. Қызметтердің интеграцияланған үлгіде орналасуы бірегей алгоритм бойынша үйлесімді жұмысты қамтамасыз етіп, шақыру орнына жету уақытын айтарлықтай қысқартуға және халыққа көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Орталық аумағында №11 өрт сөндіру бөлімі, полиция бекеті және жедел жәрдем бригадасы орналасқан. Толыққанды жұмыс істеу үшін қызметтік бөлмелер, ГДЗС бекеті, оқу сыныбы, асхана, оқу-жаттығу мұнарасы және спорт алаңы қарастырылған. Сонымен қатар екі арнайы техникаға арналған гараж және сыртта көлік қоятын арнайы орын қарастырылған.

Жаңа депо жедел қызметтердің жету уақытын едәуір қысқартып, жалпы халық саны 74 868 адамды құрайтын сегіз елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Елтай және Таскен шағынаудандарында осындай әмбебап кешендер пайдалануға берілген болатын. 2026 жылдың басында Бозарық-3 шағынауданында тағы бір нысанның құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ 2026 жылы Ынтымак, Базарқақпа, Қайнарбұлақ, Shymcity, Жаңаталап және Ақжар шағынаудандарында осындай үлгідегі алты кешен салу көзделген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын бақылау жүйесін қайта құруда. Биылғы бірінші тоқсанда...

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен аптада...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бағытындағы тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес...

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанын жариялап, үміткерлерге қойылатын талаптар мен...