Биыл іске қосылған «Ұстаз» ұлттық платформасы арқылы 93,1 мың педагог аттестаттаудан өтті

Биыл іске қосылған «Ұстаз» ұлттық платформасы арқылы 93,1 мың педагог аттестаттаудан өтті

Биыл алғаш рет республика бойынша «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы іске қосылды. Бұл – педагогтерді аттестаттау үдерісін толық цифрландыру жолындағы маңызды қадам. Жыл ішінде платформа арқылы барлығы 93,1 мың педагог біліктілік санаттарына өтініш берді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Платформада мұғалімге қатысты мәліметтер бірнеше мемлекеттік дерекқордан автоматты түрде алынады. Қызмет орны, еңбек өтілі, білім деңгейі мен кәсіби жетістіктері бір жүйеге жинақталып, қағазбастылық толықтай жойылды. Цифрлық формат аттестаттаудың әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етіп, адами факторды барынша азайтты.

2025 жылы автоматтандырылған жүйеде тек «педагог-модератор» және «педагог-сарапшы» біліктілік санаттары бойынша аттестаттау жүргізілді.
Қазіргі таңда орта білім беру жүйесінде біліктілік санаттары бойынша 104 999 – «педагог», 126 688 – «педагог-модератор», 95 438 – «педагог-сарапшы», 82 632 – «педагог-зерттеуші», 2 973 – «педагог-шебер» еңбек етуде.

Өткен жылмен салыстырғанда педагог-модераторлардың үлесі 7 пайызға, педагог-сарапшылар – 2 пайызға, педагог-зерттеушілер – 1 пайызға артты.

«Ұстаз» ұлттық платформасы педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қолдауға, басқарушылық шешімдерді деректерге негіздеуге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған заманауи цифрлық құрал.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен аптада...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бағытындағы тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес...

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанын жариялап, үміткерлерге қойылатын талаптар мен...

Кентау қаласында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен...

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің сауда желілеріне тікелей қол жеткізуін...