Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қағаздағы есеп емес, нақты нәтиже

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қағаздағы есеп емес, нақты нәтиже

Қоғамды алаңдататын ең өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл тек мемлекеттік органдардың ғана емес, тұтас қоғамның дамуына тұсау болатын құбылыс.

​Сыбайлас жемқорлықпен күрес ең алдымен ашықтықтан басталады. Осы мақсатта биыл Түркістан қаласы әкімдігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Бұл – кемшілікті жасыру үшін емес, керісінше оны ашық мойындап, түзетуге бағытталған қадам. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі күшейтіліп, сатып алу саласындағы мамандарды тұрақты оқыту жұмыстары жүзеге асырылуда.

​Біздің ұстанымымыз - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл формализмге айналмауы керек. Жиналыс өткізіп, есеп бергенмен мәселе шешілмейді. Нәтиже нақты әрекеттен, бақылаудан және жеке жауапкершіліктен басталады. Қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы түсіндіру және насихаттау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

​Сыбайлас жемқорлықпен күрес – тек бақылаушы органдардың міндеті емес. Бұл – әр азаматтың, әр мемлекеттік қызметшінің ішкі жауапкершілігі. Түркістан қаласында осы бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да ашықтыққа, әділдікке және халық сеніміне негізделе отырып жалғасын табады. Біз үшін ең басты көрсеткіш – қағаздағы есеп емес, тұрғындардың билікке деген сенімі.

Әзімбек Пазылбекұлы - Түркістан қаласының әкімі

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Нормы новой Конституции имеют конкретное и практическое значение для людей, занятых на производстве. Об этом на девятом заседании Комиссии по...