Президент New Generation School Astana ғимаратына барды

Президент New Generation School Astana ғимаратына барды

Астана қаласы

Елорда нысандарын аралау барысында Мемлекет басшысы Нұра ауданында орналасқан NGS Astana жеке меншік білім беру мекемесінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

1320 оқушыға есептелген мектеп жаратылыстану-математика және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттарында білім береді. Әсіресе, математика мен ағылшын тілі тереңдетіп оқытылады.

Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қажетті барлық жағдай жасалған. Оқушылар үш мезгіл тамақтандырылады. Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларға қолайлы орта қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мектеп құрылысының бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары аясында бой көтергені жөнінде баяндалды. Қаржының 40 пайызын «Даму» қоры кредит ретінде бөлген.

Президент оқу кабинеттерін, кітапхананы, спорт залын аралап көрді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын бақылау жүйесін қайта құруда. Биылғы бірінші тоқсанда...

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен аптада...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бағытындағы тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес...

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанын жариялап, үміткерлерге қойылатын талаптар мен...