Alatau City жобасы: Қанат Бозымбаев әлемнің жетекші сәулет бюроларының өкілдерімен кездесті

Alatau City жобасы: Қанат Бозымбаев әлемнің жетекші сәулет бюроларының өкілдерімен кездесті

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласының сәулеттік даму тұжырымдамасының таныстырылымына қатысты. Әлемге танымал екі компания – Zaha Hadid Architects және Skidmore, Owings & Merrill LLP (SOM) өздерінің авторлық идеяларын ұсынды. Бұл компаниялар портфолиосында Дубайдағы Burj Khalifa, Нью-Йорктегі One World Trade Center, Бейжіңдегі Leeza SOHO сынды әйгілі биік ғимараттар бар, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Көрсетілген жобаларда Alatau City  қаласының дизайн-коды мен қаланың танымал белгісіне айналатын Iconic building жобасының нобайы таныстырылды. Ұсынылған шешімдер заманауи халықаралық сапа стандарттарын ескере отырып, тік бағыттағы құрылысты және аса биік ғимараттар салу ісін дамытуға бағдарланған.

Сондай-ақ қалалық ортаны кешенді түрде дамытуға ерекше назар аударылды. Бұл ретте көлік инфрақұрылымы, кіреберіс магистральдар, табиғи ландшафттар мен аймақтың климаттық ерекшеліктері ескерілді. Қоғамдық кеңістіктерді басым бағыт ретінде дамыту да маңызды бөлік ретінде қарастырылды.

Кездесу соңында Қанат Бозымбаев сәулет бюроларының өкілдеріне ұсынған идеялары үшін алғыс білдіріп, тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуын бақылау жүйесін қайта құруда. Биылғы бірінші тоқсанда...

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өткен аптада...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының еліміздің көлік-транзиттік әлеуетін дамыту бағытындағы тапсырмаларын орындау жөнінде кеңес...

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына арналған қабылдау науқанын жариялап, үміткерлерге қойылатын талаптар мен...