ЕҰУ мен Hitachi High-Tech Europe GmbH бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді

ЕҰУ мен Hitachi High-Tech Europe GmbH бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізеді

Еуразия ұлттық университеті мен Hitachi High-Tech Europe GmbH компаниясы ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында университеттің оқытушылары мен ғалымдары жапондық конгломераттың сарапшыларымен бірлесе отырып, Жапония мен Германияда орналасқан зертханаларда құрылыс материалдарын талдау бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізетін болады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Меморандумға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен Hitachi High-Tech Europe GmbH компаниясының президенті Кадзуёши Мацукадзе қол қойды. Қол қою рәсімі 2025 жылғы 20 желтоқсанда Токио қаласында өткен «Central Asia + Japan» бизнес-форумы барысында өтті.

Айта кету керек, бұл салтанатты шара ҚР Президентінің Жапонияға жасаған мемлекеттік сапары аясында ұйымдастырылды.

«ҚР Президентінің Жапонияға жасаған мемлекеттік сапары шеңберінде қол қойылған бұл келісім еліміз бен Жапония арасындағы жоғары деңгейдегі сенім мен стратегиялық әріптестікті айқындайды. ЕҰУ үшін бұл – жаһандық ғылыми кеңістікке интеграциялану және қолданбалы зерттеулерді дамыту жолындағы маңызды қадам. Біз бұл ынтымақтастықты ғалымдарымыздың әлемдегі үздік зертханалар мен заманауи технологиялармен жұмыс істеуіне берілген мүмкіндік ретінде қарастырамыз. Hitachi High-Tech Europe GmbH компаниясымен бірлескен зерттеулер университеттің ғылыми әлеуетін арттырып, халықаралық ғылыми диалогтың дамуына өз үлесін қосады», – деді ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.

Сонымен қатар Hitachi High-Tech Europe GmbH – Hitachi Ltd. жаһандық тобына кіретін Hitachi High-Tech Corporation жапон корпорациясының еуропалық еншілес кәсіпорны. Компания компьютерлер мен перифериялық құрылғылардан бастап ғылыми аспаптар мен жүйелерге, электронды құрылғыларға, сондай-ақ өнеркәсіптік жабдықтар мен материалдарға дейінгі кең ауқымды өнімдерді өндіру және өңдеумен айналысады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...