Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 115 жылдық мерейтойын атап өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 115 жылдық мерейтойын атап өтті

Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының 115 жылдығына орай мерейтойлық іс-шара өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Ғасырдан астам уақыт бойы елдің рухани жады мен тарихи санасын сақтап келе жатқан бас кітапхананың мерейтойы мәдени қауым үшін маңызды оқиғаға айналды.

Іс-шара барысында Ұлттық кітапхананың қалыптасу кезеңдері, даму жолы мен қоғамдағы орны талқыланды.
Қонақтар «Ұлттың жады – Ұлттық кітапханаға 115 жыл» атты кітап және фотокөрмемен танысты.

Мерейтой аясында кітапхана ұжымының заманауи бағыттағы бастамалары, цифрлық қорды дамыту, оқырманмен жұмыс форматын жаңғырту секілді жобалар таныстырылды. Сондай-ақ кітапхананың әр дәуірдегі қызметін қамтитын тарихи деректер арқылы оның ұлттық мәдениет пен білім кеңістігіндегі рөлі аталып өтті.

Салтанатты жиын аясында «Жүлгесі үзілмеген 115 жыл» атты ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды. Байқау жас қаламгерлерді қолдауға және поэзия арқылы кітапхана құндылығын насихаттауға бағытталған.

Мерейтойлық жиынға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, мәдениет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, өнер саласының мамандары, ардагер кітапханашылар мен оқырман қатысты.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы 1910 жылғы 31 желтоқсанда Верный қалалық кітапханасы ретінде негізі қаланып, кейінгі тарихи кезеңдерде өңірлік және республикалық мәртебелер берілді. Ал 2020 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ұлттық» мәртебесі бекітілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...