Maqsut Narikbayev University жанындағы заң клиникасы ашылды

Maqsut Narikbayev University жанындағы заң клиникасы ашылды

Астанада Maqsut Narikbayev University жанындағы заң клиникасының салтанатты ашылуы өтті. Бұл жоба университет пен Әділет министрлігінің бірлескен әлеуметтік-құқықтық бастамасы болды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жобаның практикалық бағыттағы заңгерлік білім беруді дамытудағы және азаматтардың бастапқы құқықтық көмекке қолжетімділігін кеңейтудегі маңызын атап өтті.

Рәсімнен кейін Ерлан Сәрсембаев университет студенттеріне «Заң және тәртіп» тақырыбында қонақ дәрісін өткізді. Дәріс барысында Конституцияның құқықтық жүйенің негізі ретіндегі рөліне, құқық үстемдігінің мемлекеттің тұрақты дамуы үшін маңызына, сондай-ақ цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізу жағдайында құқықтық тәртіпті үйлестіру және заңгер мамандығының болашағына ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарды алу мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шара соңында Әділет министрі Maqsut Narikbayev University мен Әділет министрлігі арасындағы ұзақ мерзімді әрі тұрақты әріптестікті атап өтіп, заңгерлік білім беруді дамытуға және әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыруға қосқан үлесі үшін университет басшылығы мен ұжымына алғыс хат табыстады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...