Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады

Мемлекет басшысы Sumitomo компаниясының президенті Шинго Уэноны қабылдады

Жапония, Токио қаласы

Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода Жапонияның ірі және ықпалды сауда-инвестициялық корпорациясының бірі саналатын Sumitomo жетекшісімен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті еліміз Sumitomo корпорациясының орнықты даму мен бизнестің жауапкершілігін арттыруға бейілдігін жоғары бағалайтынын, сондай-ақ компанияны ұзақ мерзімді серіктес ретінде қарастыратынын атап өтті.

Шинго Уэно Мемлекет басшысына «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясымен бірлескен жобаны іске асыру жайында мәлімет берді. Аталған жоба ядролық медицина саласында уран өнімдерінен ем-шараға қолдануға арналған радий изотоптар алудың ғылыми-негіздемелік әдістерін әзірлеуді қарастырады.

Кездесуде көлік-логистика, энергетика, атом өнеркәсібі, металлургия және геологиялық барлау салаларында бірлескен инвестициялық бастамаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шымкент қаласы полиция департаментінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында департамент бастығының орынбасары Даулеткелді Абдрамановтың төрағалығымен...

Астанада мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жобаларды іске асыру...