Шымкентте 13 мыңнан астам жас жұмыспен қамту шараларына жұмылдырылды

Шымкентте 13 мыңнан астам жас жұмыспен қамту шараларына жұмылдырылды

«Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері Шымкент қаласында 13 071 жас халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларына жұмылдырылды. Оның ішінде 6 360 жас тұрақты бос жұмыс орындарына орналасқан.

Субсидияланатын жұмыс орындары арқылы 3 533 жас уақытша жұмысқа тұрды.

Сонымен қатар, 1 223 жас «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқуға тіркелді. Комиссия шешімімен 175 жасқа мемлекеттік грант берілді. Жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 244 жас оқу ұйымдарында білім алса, 70 жас тікелей жұмыс берушінің жұмыс орнында оқуға жіберілді.

Бұған қоса 1 422 жас www.enbek.kz платформасы арқылы сұранысқа ие дағдыларды онлайн оқып алды. Мүгедектігі бар 1 жас арнайы жұмыс орнына орналастырылып, 43 жасқа кәсіптік біліктілікті тануға арналған біржолғы ваучер берілді.

NEET санатындағы жастардың үлесін азайту, оларды белсенді экономикалық ортаға тарту және өмірлік маңызды дағдыларға үйретуге бағытталған жүйелі шаралардың нәтижесінде 2025 жылдың үшінші тоқсанында Шымкентте 15-34 жас аралығындағы азаматтар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,9 пайызды құрады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...