Евгений Ловчев: "Адамнан кейін тек естелік қалады..."

Евгений Ловчев: "Адамнан кейін тек естелік қалады..."

Қарағанды қаласында 16 желтоқсанда Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, белгілі спорт қайраткері Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған 41-ші халықаралық турнир өз жалауын көтерді.

Дүбірлі додаға Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қытай елдерінен келген 216 үздік боксшы қатысуда.

Көрермендер үшін кіру тегін болған жарыстың ашылу салтанатында спорт сүйер қауымға танымал спортшылар мен белгілі тұлғалар құрметті қонақ ретінде қатысып, ерекше көңіл күй сыйлады.

Алғаш болып жарысқа қатысушыларды Олимпиада чемпионы, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев құттықтады. Айта кету керек, ол өз уақытында осы турнирде өзі де бокстасқан.

Сондай-ақ Жарылғаповтар әулетінің жақын досы, Олимпиада ойындарының жүлдегері, КСРО-ның 1972 жылғы үздік футболшысы Евгений Ловчев сөз сөйледі.

«Адамнан кейін тек естелік қалады. Бұл турнир 41-ші рет жоғары деңгейде ұйымдастырылып отыр. Бұл — Ғалым Жарылғаповқа деген терең құрметтің, оның есімінің ел жадында мәңгі сақталғанының дәлелі», — деді ол.

Турнир төрт күнге созылады, ал финалдық жекпе-жектер 20 желтоқсанда өтеді. Бокс жанкүйерлері бұл жарыстан ерекше әсер алып, жағымды эмоцияға бөленеді деп сенеміз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...