KazAID қызметіне бес жыл: Қазақстанның жаһандық орнықты дамуға қосқан үлесі

KazAID қызметіне бес жыл: Қазақстанның жаһандық орнықты дамуға қосқан үлесі

Астана, 2025 жылғы 15 желтоқсан – Қазақстанның халықаралық даму жөніндегі KazAID агенттігіне бес жыл толды. Агенттік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы қаулысымен ресми даму көмегi саласындағы ұлттық оператор ретінде құрылып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы ұйым болып табылады, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Осы кезең ішінде KazAID Қазақстанның жаһандық дамуға қосқан нақты үлесін іске асыратын тиімді құралға айналып, елдің халықаралық көмекті алушы мемлекеттен табысты тәжірибесін бөлісетін донор елге айналғанын көрсетті. Бүгінде KazAID цифрландыру, білім беру және медицина салаларында жобаларды жүзеге асырып, Орталық Азия елдері мен Ауғанстанның орнықты дамуы мен адами капиталын нығайтуға қолдау көрсетуде.

KazAID Қазақстанның үздік тәжірибелерін ілгерілетіп, сарапшылар арасындағы білім алмасуды қамтамасыз етеді және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді. Бес жыл ішінде 34 млн АҚШ долларынан астам сомаға гуманитарлық көмек көрсетілді, ал ресми даму көмегі жобаларын қаржыландырудың жалпы көлемі 183 млн АҚШ долларына жетіп, 40-тан астам елді қамтыды.

KazAID-тің миссиясы – нәтижеге бағытталған техникалық көмек көрсету арқылы серіктес елдерде орнықты және инклюзивті дамуға жәрдемдесу.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...