Hyundai Trans Kazakhstan зауытында өндірістің экологияға әсерін төмендету бағытындағы заманауи шешімдер енгізілуде

Hyundai Trans Kazakhstan зауытында өндірістің экологияға әсерін төмендету бағытындағы заманауи шешімдер енгізілуде

Алматы қаласында орналасқан Hyundai Trans Kazakhstan машина жасау зауыты қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту мақсатында өндірістік үдерістерді кезең-кезеңімен жаңғыртып, экологиялық талаптарға сай технологияларды енгізіп келеді. Бұл туралы қаладағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды. Кәсіпорын өкілдерінің мәліметінше, зауыттағы барлық өндірістік қызмет қолданыстағы табиғатты қорғау нормаларына толық сәйкес жүзеге асырылады.

Өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін лак-бояу материалдары қолданылатын цехтарда толық герметикалық камералар орнатылған. Ауаны тазарту гидрожабын қағидаты бойынша жүргізіледі. Бұл жүйе өндіріс барысында пайда болатын бөлшектер мен шаңның басым бөлігін ұстап қалып, тазартылған ауаның ғана сыртқа шығуына мүмкіндік береді. Ластанған ауа су ағынымен араласып, бөлшектер тұнбаға түседі де, одан кейін арнайы желдету жүйесі арқылы қауіпсіз түрде шығарылады.

Зауытта пайдаланылған су да көпсатылы тазарту жүйесінен өтеді. Коагуляция, қышқылдық деңгейін реттеу, сүзу және шламды бөлу сияқты кезеңдер арқылы су тазартылады. Бірнеше жергілікті тазарту қондырғысы судың сапасын бақылап, оны қайта айналымға жіберуге немесе қалалық кәріз жүйесіне қауіпсіз бағыттауға мүмкіндік береді. Өндірістік қалдықтар, оның ішінде шлам, герметикалық ыдыстарда жиналып, арнайы ұйымдар арқылы кәдеге жаратылады.

Қалдықтарды басқару бағытында да жүйелі жұмыс жүргізілуде. Зауыт аумағында қалдықтар сұрыпталып, «Цифрлық жасыл кеңсе» бағдарламасы іске қосылған. Кеңселерде қоқыс жәшіктері алынып, қызметкерлер пластик қалдықтарды фандоматтар арқылы тапсырады. Сонымен қатар зауыт аумағында заманауи суару жүйесі орнатылып, мыңдаған ағаш егілген. Бұл шаралар индустриялық аймақтағы экологиялық жағдайды жақсартып, кәсіпорынның Экологиялық кодекстің жаңа талаптарына сай жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...