Түркістан облысында агроөнеркәсіптік өндірісті терең өңдеуге негізделген жобалар өңірлік дамудың өзегіне айналуда

Түркістан облысында агроөнеркәсіптік өндірісті терең өңдеуге негізделген жобалар өңірлік дамудың өзегіне айналуда

Түркістан облысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған ірі жобалардың іске асу барысы мемлекеттік деңгейде тұрақты бақылауда. Осы мақсатта ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары өңірге арнайы іссапармен келіп, бірқатар маңызды өндірістік нысандардың жұмысымен танысты. Сапар барысында сенаторлар Келес және Шардара аудандарына барып, аграрлық секторды әртараптандыру, өнімді терең өңдеу, жаңа жұмыс орындарын ашу және экологиялық тұрақтылықты сақтау бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалардың нақты жағдайын зерделеді.

Іссапарға комитет төрағасы Әли Бектаев бастаған сенаторлармен қатар, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов және ауыл шаруашылығы саласына жауапты басқарма өкілдері қатысты. Кездесулер барысында өңірдің аграрлық әлеуеті, су үнемдеу технологияларын енгізу, өндірісті жаңғырту және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу арқылы қосылған құнды арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Сенаторлар алдымен Келес ауданында орналасқан «Ecoculture-Eurasia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заманауи жылыжай кешеніне барды. Жалпы аумағы 51,88 гектарды құрайтын бұл кешен жылына 27 мың тоннаға дейін көкөніс өндіруге қабілетті. Жоба кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр, биыл оның 21 гектары пайдалануға берілмек. Жылыжайда қазіргі заманғы энергия тиімді технологиялар қолданылып, су ресурстарын үнемдеу, өнім сапасын тұрақты деңгейде сақтау және жыл бойы үздіксіз өндіріс жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. Кешен толық қуатында жұмыс істеген кезде 800-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Сонымен қатар кәсіпорында жергілікті мамандарды даярлау, оқыту және тәжірибеден өткізу жүйесі жолға қойылған. Бұл ауылдық жерлерде еңбек ресурстарының сапасын арттырып, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге оң әсер етеді. Негізгі өнім ретінде қызанақ өсіріледі, алдағы уақытта ірі және ұсақ жемісті сорттарды қатар өндіру арқылы нарық сұранысына бейімделу көзделіп отыр.

Іссапардың келесі кезеңінде комитет мүшелері Шардара ауданындағы «Казкрахмал» ЖШС жүзеге асырып жатқан жүгеріні терең өңдеу жобасымен танысты. Бұл өндірістік кешен жылына 150 мың тонна жүгеріні қайта өңдеуге арналған және 2026 жылы толық іске қосу жоспарланып отыр. Жоба аясында 550 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Өндірісте крахмал және оған ілеспе өнімдер шығарылып, ішкі нарықтың қажеттілігін өтеумен қатар экспорттық бағыт та дамытылады. Қазіргі таңда зауыт аумағында жүгеріні қабылдау және кептіру кешені, сондай-ақ дән сақтауға арналған қоймалар толық салынған. Бұл жоба өңірде өсірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін шикізат күйінде өткізбей, терең өңдеу арқылы экономикалық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы агроөнеркәсіптік әлеуеті жоғары өңірлердің қатарында. Мұнда суармалы егіншілік кеңінен дамыған, климаттық жағдайлар жыл бойы ауыл шаруашылығымен айналысуға қолайлы. Соңғы жылдары өңірде су үнемдеу технологияларын енгізу, экологиялық жүктемені азайту және ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Терең өңдеуге бағытталған жобалар осы саясаттың нақты көрінісі болып отыр.

Сенаторлар сапар қорытындысында Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан агроөнеркәсіптік жобалардың елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өңір экономикасын нығайтуға және ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті. Алдағы уақытта да мұндай жобаларды мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы ілгерілету, экологиялық талаптарды сақтай отырып өндіріс көлемін арттыру негізгі басымдықтардың бірі болмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...