Таза Қазақстан: тазалықты сақтау – күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс

Таза Қазақстан: тазалықты сақтау – күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы Сарыағаш ауданында жүйелі түрде жалғасып келеді. Аудан көлемінде әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылатын тазалық шаралары бір реттік науқанмен шектелмей, тұрақты әрі жоспарлы жұмысқа айналған. Бұл бастама өңір тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Кезекті сенбілік барысында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойы, сондай-ақ елді мекендердің ішкі көшелері мен қоғамдық орындар кең көлемде тазартылды. Таңғы уақыттан басталған шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевпен бірге қала және 13 ауылдық округ әкімдіктерінің қызметкерлері, мемлекеттік мекемелер мен бөлімдер, жастар және еріктілер белсенді қатысты. Бұл – аудан жұртшылығының «Таза Қазақстан» бағдарламасына деген қолдауы мен ортақ іске жұмыла кіріскенінің айқын көрінісі.

Сенбілік барысында көше бойларындағы және жол жиегіндегі бей-берекет тасталған тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы белгіленген орындарға шығарылды. Сонымен қатар жабайы өсіп кеткен арамшөптер шабылып, қураған ағаштардың бұтақтары кесілді. Арық-атыздар тазартылып, су жүретін арналардың қалыпты жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Бұл жұмыстар аудан аумағының санитарлық жағдайын жақсартумен қатар, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға да оң әсерін тигізіп отыр.

Шара барысында аудан әкімі Арман Абдуллаев тазалық жұмыстарының маңыздылығына арнайы тоқталып, бұл бастаманың тек сенбілікпен шектелмеуі керектігін атап өтті. Оның айтуынша, қоршаған ортаны қорғау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір тұрғынның азаматтық борышы. «Тазалықты сақтау – күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс. Туған жеріміздің көркі мен тазалығы өз қолымызда. Сондықтан баршаңызды «Таза Қазақстан» бағдарламасына белсенді атсалысуға шақырамын», – деді аудан басшысы.

Сондай-ақ қала аумағын аралау барысында аудан әкімі Сарыағаш қаласының әкіміне кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Әсіресе сауда нысандары мен қоғамдық орындар маңында тазалық талаптарының сақталуына ерекше назар аудару қажеттігі айтылды. Бұдан бөлек, тиісті сала басшыларына сенбіліктерді ұйымдастыруды жүйелі түрде жалғастырып, олардың сапасын арттыру жөнінде нақты міндеттер жүктелді.

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың басты ерекшелігі – тұрғындарды экологиялық мәдениетке баулу. Сенбіліктерге жастардың белсенді қатысуы олардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етуде. Жастар мен еріктілердің қатысуымен өткізілетін тазалық шаралары өскелең ұрпаққа үлгі болып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін күнделікті дағдыға айналдыруға бағытталған.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – тек аумақты тазарту емес, қоғамда экологиялық сана қалыптастыру. Табиғатқа ұқыпты қарау, тұрмыстық қалдықтарды ретсіз тастамау, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – осының барлығы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатымен тығыз байланысты. Бұл ұстаным азаматтық жауапкершілікті арттырып, отансүйгіштік рухты нығайтуға бағытталған.

Айта кету керек, Сарыағаш ауданында тазалық шаралары тек сенбілік күндерімен шектелмейді. Аудан әкімдігі тарапынан экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жүйелі жұмыстар жоспарланып, жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Бұл бастамалар елді мекендердің көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға да септігін тигізуде.

Осылайша «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы Сарыағаш ауданында нақты іспен жүзеге асып, тазалық пен тәртіпті сақтаудың маңызын әрбір тұрғынның санасына сіңіруге бағытталған ортақ іске айналып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...