Түркістан: Абай облысының өкілдері «Тұран су» кәсіпорнының жұмыс тәжірибесімен танысты

Түркістан: Абай облысының өкілдері «Тұран су» кәсіпорнының жұмыс тәжірибесімен танысты

Түркістан облысына Абай облысының ауыл шаруашылығы саласына жауапты мамандары арнайы іссапармен келіп, өңірдегі су шаруашылығы бағытында жинақталған тәжірибемен танысты. Атап айтқанда, Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Семей су қоймасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Талғат Есімжанов пен басшының орынбасары Асхат Орумбаев Түркістан облысындағы «Тұран су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысын көріп, оның қызметін жан-жақты зерделеді. Сапардың негізгі мақсаты – су ресурстарын басқару, егін алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету және су үнемдеу бағытында жүзеге асырылып жатқан тиімді тәжірибелерді өз өңірінде қолдану мүмкіндігін қарастыру.

Іссапар барысында Абай облысынан келген делегация «Тұран су» кәсіпорнының өндірістік базасында болып, мекеменің техникалық мүмкіндіктерімен танысты. Қонақтарға соңғы жылдары кәсіпорын теңгеріміне алынған арнайы техникалар көрсетіліп, олардың су арналарына механикалық тазарту жүргізудегі тиімділігі түсіндірілді. Сонымен қатар «Тұран су» іске қосқан су үнемдеу технологияларына арналған жабдықтар мен бетон лотоктар шығаратын өндіріс желілерінің жұмысы таныстырылды. Делегация мүшелері бұл өндірістердің ауыл шаруашылығы саласында суды тиімді пайдалануға және шығынды азайтуға ықпал ететінін атап өтіп, осындай тәжірибені Абай облысында да енгізуге қызығушылық білдірді.

«Тұран су» кәсіпорны Түркістан облысының ауыл шаруашылығына бейім аймақтарында маңызды рөл атқарып келеді. Бүгінде мекеменің теңгерімінде 20 су қоймасы, 3 су торабы, 3 магистралды канал және 107 шаруааралық канал бар. Осы инфрақұрылым арқылы жалпы көлемі 105 мың гектар егін алқабы ағын сумен қамтамасыз етіледі. Бұл – өңірдің егін шаруашылығы үшін стратегиялық маңызы бар көрсеткіш. Су көздерінің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуі шаруалардың өнімділігін арттырып, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына негіз болады.

Соңғы жылдары «Тұран су» кәсіпорны өз қызметін дамытуда өзіндік табысқа сүйене отырып, бірқатар маңызды қадамдар жасады. Атап айтқанда, мекеме өз қаржысы есебінен жаңа арнайы техникалар сатып алып, су арналары мен каналдарды механикалық тазарту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде су арналарының өткізу қабілеті артып, егін алқаптарына жететін су көлемі ұлғайды. Мұндай тәсіл су шығынын азайтып қана қоймай, вегетация кезеңінде туындайтын су тапшылығының алдын алуға мүмкіндік беріп отыр.

Сонымен қатар кәсіпорын өзіндік табысы есебінен әкімшілік ғимарат салып, материалдық-техникалық базасын нығайтты. Бұдан бөлек, су үнемдеу технологияларына қажетті жабдықтар өндіретін зауыт пен бетон лотоктар шығаратын өндірісті іске қосуы – мекеменің өз мүмкіндігін тиімді пайдаланып отырғанының айқын көрінісі. Бұл өндірістер бір жағынан кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын күшейтсе, екінші жағынан өңірде су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп келеді.

Бүгінде «Тұран су» кәсіпорнында шамамен 400-ге жуық маман тұрақты түрде қызмет атқарады. Бұл ұжым су шаруашылығы саласындағы тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі арқылы өңірдегі ағын су жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп отыр. Абай облысынан келген делегация кәсіпорын қызметкерлерінің ұйымдастырушылық тәжірибесіне, техниканы тиімді қолдану тәсілдеріне және өндірісті дамытудағы басқару жүйесіне оң бағасын берді.

Сапар қорытындысында қонақтар Түркістан облысындағы «Тұран су» кәсіпорнының тәжірибесі өңіраралық ынтымақтастық аясында үлгі бола алатынын атап өтті. Су ресурстарын тиімді басқару, инфрақұрылымды өз күшімен дамыту және су үнемдеу технологияларын енгізу бағытындағы бұл тәжірибе Абай облысында да кезең-кезеңімен іске асырылуы мүмкін екені айтылды. Мұндай өзара тәжірибе алмасу аймақтардың ауыл шаруашылығын дамытуға және су ресурстарын ұтымды пайдалануға тың серпін беретіні сөзсіз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...