Роман Скляр Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті

Роман Скляр Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр және сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар қазақстан-корей ынтымақтастығының ағымдағы мәселелерін және одан әрі даму перспективаларын талқылады.

Машина жасау, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардағы бірлескен инвестициялық жобалардың табысты іске асырылғаны атап өтілді. 

«Біз Корея Республикасымен стратегиялық серіктестігімізді және бірлескен жұмысымыздың нәтижесінде қол жеткізген жетістіктерімізді жоғары бағалаймыз. Серіктестігімізді іске асыру арқасында біз жаңа жұмыс орындарын құрып, инновацияларды енгізіп, өндірістік қуаттарды кеңейте алдық», — деп атап өтті Роман Скляр.

Өз кезегінде Корея Республикасының Елшісі Чжо Тэ-ик Қазақстан басшылығына қолдау мен ынтымақтастығы үшін алғыс айтып, экономиканың әртүрлі салаларында екітаралы қарым-қатынастарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ Елші Чжо Тэ-ик Қазақстанның Халықаралық атом энергия агенттігіне қабылдануымен құттықтады. 

Дипломат Қазақстан уран саласындағы маңызды ойыншы екенін атап өтіп, атом электр станциясын салуда сәттілік тіледі.

Кездесу соңында Роман Скляр Елші Чжо Тэ-икке қазақ-корей қарым-қатынасын дамытуға қосылған жеке үлесі үшін алғыс айтты және оған дипломатиялық мансабында табыс тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...