Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мәжбүрлі түрде мемлекет меншігіне қайтарылды

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мәжбүрлі түрде мемлекет меншігіне қайтарылды

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қызылорда облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің жоспардан тыс тексерісі нәтижесінде 900 гектар ауыл шаруашылығы жерлерінің ұзақ уақыт мақсатты пайдаланылмағаны анықталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Одан кейін ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне құқық бұзушылықтарды жою жөнінде міндеттеме берілген. Алайда қажетті шаралар қолға алынбаған.

Уәкілетті орган кәсіпкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сонымен қатар, департамент жер телімін тартып алу туралы талаппен Арал аудандық сотына арызданды. Сот уәкілетті органның талаптарын толық қанағаттандырып, жер телімін мемлекет меншігіне қайтарды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент хатта ҚХР Төрағасының Қазақстан мен Қытай арасындағы мызғымас достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген мәңгі жан-жақты...

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президентін туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Құрама...