Кәсіптік оқу – жұмыссыздарға жаңа мүмкіндік

Кәсіптік оқу – жұмыссыздарға жаңа мүмкіндік

Шымкент қаласында еңбек нарығындағы сұранысқа сай білікті мамандар даярлау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның ішінде кәсіптік оқыту – жұмыссыздарға жаңа мамандық алып, тұрақты табысқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін тиімді құралдардың бірі.

Атап айтқанда, Шымкент қаласының тұрғыны Пернекүл Қалыбекқызы да осы бағдарлама аясында жұмыссыз ретінде тіркеліп, бүгінгі таңда көптен бері армандаған тігінші мамандығын меңгеруде. Ол қазіргі таңда Alisha оқу орталығында оқып жатыр. Бұл жерде дәл қазір 25 жұмыссыз қыз-келіншек кәсіби білім алуда. Олардың 20-сы “кестелеуші”, ал 5-і “тігінші” мамандығы бойынша дайындықтан өтуде.

Оқу барысында қатысушыларға тек тігін тігудің техникасы ғана емес, дизайн элементтері, заманауи жабдықтарды қолдану, қол еңбегінің ерекшеліктері және тапсырыстармен жұмыс істеу дағдылары үйретіледі. Бұл – олардың алдағы уақытта тек жалдамалы жұмысшы ғана емес, жеке кәсіпкер ретінде де дамуына жол ашады.

Шымкент қаласында 18 жастан зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз азаматтар кәсіптік оқытудан өте алады. Бағдарламаға қатысу үшін жұмыспен қамту орталығына тіркелу жеткілікті.

2025 жылы осы бағыт бойынша 760 тұрғын кәсіптік оқуға жолданды:
— 600 адам білім беру ұйымдарында теориялық және практикалық оқудан өтуде;
— 160 адам тікелей жұмыс берушілердің өндірістік базаларында тәжірибе жинап жатыр.

Кәсіптік оқудың маңызды артықшылықтарының бірі – шәкіртақы төленуі.
Қатысушыларға:
• білім беру ұйымдарында оқитындарға – 43 574 теңге,
• жұмыс орнында тәжірибе өтушілерге – 78 640 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетіледі.

Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер арнайы сертификат алып, тікелей жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Жыл сайын түлектердің басым бөлігі тігін цехтарына, сән үйлеріне жұмысқа қабылданып, кейбірі өзінің шағын бизнесін ашуға бел буып келеді.

Жұмыссыздарға бағытталған бұл бағдарлама бір жағынан еңбек нарығын білікті кадрлармен қамтамасыз етсе, екінші жағынан халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосады. Әсіресе әйелдер мен жастар үшін бұл — жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды әлеуметтік қолдау.

Алдағы 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес, 610 жұмыссыз азамат кәсіптік оқуға жіберілетін болады. Оның ішінде:
• 450-і – оқу орталықтарында,
• 160-ы – жұмыс орындарында оқыту жүйесі арқылы кәсіби машыққа үйретілмек.

Бүгінгі таңда тігін ісіне сұраныс жоғары. Бұл салада өз мүмкіндігін сынауға ниетті жандар үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау – үлкен серпіліс.

Мемлекет ұсынған мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жаңа кәсіпке ие болып жатқан жандардың бірі — Пернекүл Қалыбекқызы. Оның арманы — болашақта өз ательесін ашып, басқаларға да жұмыс беру.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...