Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Шымкент қаласында жұмыспен қамту іс-шараларын жүйелі түрде жүргізу жалғасуда. Еңбек нарығындағы белсенділікті арттыру және тұрғындардың тұрақты жұмысқа орналасуына нақты мүмкіндік жасау мақсатында «2025 жылы жұмыспен қамту мәселелері және Enbek.kz платформасы арқылы мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді халыққа түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспары» аясында кезекті жәрмеңке өтті.

2025 жылдың «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жариялануына орай, Шымкент қаласының прокуратурасының ұсынысымен 26 қараша күні №119 «Көкбұлақ» жалпы орта білім беретін мектебінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Тұран ауданы тұрғындарын жұмыспен қамтудың қолжетімді және тиімді формаларының бірі ретінде өткізілді.

Жәрмеңкеге аудан әкімдігі, жұмыспен қамту орталығының мамандары және түрлі саладағы жұмыс беруші кәсіпорындар қатысты. Халыққа Enbek.kz платформасы арқылы бос жұмыс орындарын іздеу, онлайн тіркелу және мемлекет ұсынатын шараларға қатысу тәртібі кеңінен түсіндірілді. Мамандар тұрғындарға ақпараттық-танымдық буклеттер таратып, консультациялық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, жәрмеңке барысында «Қарызсыз қоғам» жобасы мен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесінің маңызы түсіндіріліп, азаматтарға құқықтық және әлеуметтік қолдау бағытында кеңес берілді.

Шарада Тұран ауданы бойынша 300-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Олардың ішінде:

  • білім беру саласы;
  • денсаулық сақтау;
  • құрылыс және инженерлік қызмет;
  • қызмет көрсету мен сауда;
  • мәдениет және туризм;
  • өнеркәсіп және көлік-логистика бағыттары қамтылды.

Жұмыс берушілер тікелей сұхбаттасу өткізіп, үміткерлердің кәсіби дағдыларымен танысты. Бұл өз кезегінде жұмыс іздеушілерге жылдам әрі қолайлы форматта жұмыс табуға мүмкіндік берді.

Жәрмеңкеде әлеуметтік осал топтар да назардан тыс қалмады. Тіркеуде тұрған азаматтар, жастар, мүмкіндігі шектеулі жандар және көпбалалы отбасыларға басымдық беріліп, оларға еңбек нарығындағы қолжетімді мүмкіндіктер баяндалды.Іс-шара нәтижелері:

  • 10 азамат тұрақты жұмыс орындарына жолданды;
  • 3 жас субсидияланған жұмыс орындарына, яғни жастар практикасына бағытталды;
  • 5 адам Enbek.kz электрондық еңбек биржасына «жұмыс іздеуші» ретінде тіркелуге жәрдем алды.

Жәрмеңке тек жұмысқа орналастыру шарасы ғана емес, тұрғындарды ақпараттандыру және еңбек құқығын қорғауға бағытталған кешенді жұмыс болды. Тұрғындармен кері байланыс орнатылып, оларды толғандырған сұрақтарға жауап берілді.

Аудан әкімдігі келесі уақытта да еңбек нарығын қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады. Әсіресе «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кадр даярлау, қайта оқыту және кәсіби бағдар беру шаралары күшейтілетін болады.

Мұндай іс-шаралар тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, қаланың экономикалық дамуына да оң әсер етеді. Шымкент қаласында жұмыспен қамту бағытындағы бастамалар алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...