Адалдық пен табандылық кәсіби жетістікке жетелейтін ең басты құндылықтардың бірі

Адалдық пен табандылық кәсіби жетістікке жетелейтін ең басты құндылықтардың бірі

Өз ісіне адалдықпен қарап, қоғамға пайдасын тигізуді өмірлік қағида еткен азаматтар бар. Солардың бірі — Шымкент қаласында «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-да абыроймен еңбек етіп жүрген білікті маман Тұрлыбеков Әуез Полатұлы. Ол қарапайым еңбек адамының табысқа қалай жететінін өз өмірімен дәлелдеген жандардың бірі.

Әуез Полатұлы 1990 жылдың 12 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданының тарихи Шаян ауылында дүниеге келген. Тәрбиелі де еңбекқор отбасында ер жеткен ол бала кезінен еңбектің қадірін түсініп өсті. Мектеп қабырғасында білімге ынталы, қоғамдық жұмыстарда белсенді болды.

2006–2009 жылдары Шымкент қаласындағы Агротехникалық колледжде жол қорғауды ұйымдастыру мамандығын игеріп, техникалық салада алғашқы білімін қалыптастырды. Оқу кезіндегі тәжірибелер мен мамандыққа деген қызығушылық болашақ кәсіби жолының негізіне айналды.

2007–2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтеп, нағыз азаматтықтың үлгісін көрсетті. Әскери тәртіп, жауапкершілік пен ширақтық — оның мінезін қалыптастырып, болашақта кез келген қиындыққа төтеп беруге үйретті.

Еңбек жолын 2010 жылы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында «The Kirby Company» компаниясында менеджер болып бастады. Қызмет барысында адамдармен жұмыс істеу, ұйымдастыру қабілеті және жауапкершілік дағдыларын дамытты. Кейін «Су ресурстары маркетинг» ЖШС-де инспектор ретінде еңбек етіп, коммуналдық саладағы алғашқы тәжірибесін жинақтады.

2020 жылы Әуез Полатұлы «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-ға жұмысқа қабылданып, слесарь ретінде қаланың инженерлік желілерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге үлес қосты. Еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында аз уақыт ішінде шебер қызметіне көтерілді. Қазіргі уақытта апатты қалпына келтіру жұмыстары учаскесінің басшысы ретінде жауапты қызмет атқарып жүр.

Қаланың су жүйесіндегі кез келген ақауды тез анықтап, білікті түрде қалпына келтіру — үлкен жауапкершілік. Әуез Полатұлы күнделікті жұмысында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтайды, ең қиын жағдайда да сабырлық танытады. Жауапты сәттерде дұрыс шешім қабылдай білу — оның басты қасиеттерінің бірі.

Әріптестері Әуезді талапшыл, әділ және сөзіне берік маман ретінде құрметтейді. Жас мамандарға өз білімін үйретіп, тәжірибемен бөлісуден жалықпайды. Ол үшін жұмыста бірлік пен өзара қолдау — табыстың кепілі.

Отбасы — Әуез Полатұлының ең үлкен тірегі. Сүйікті жар, екі баланың қамқор әкесі ретінде отбасылық құндылықтарды қашанда бірінші орынға қояды. Балаларын еңбекқор, елін сүйетін азамат ретінде тәрбиелеуді мақсат тұтады.

Әуез Полатұлының еңбек жолы — адалдық, табандылық және кәсіби шеберліктің жарқын үлгісі. Ол істің оңайын іздемейді, керісінше елге пайдасы тиетін жауапты қызметті үлкен мәртебе санайды. Қандай жұмыс атқарса да, халықтың қамы мен қала қауіпсіздігі — басты назарында.

Осындай қарапайым, бірақ еңбегі ерен азаматтардың арқасында қала тұрғындары таза суды кедергісіз пайдаланып, тұрмыс сапасын арттыра алады. Тұрлыбеков Әуез Полатұлы — кәсібіне адал қызмет етіп, ел игілігіне үлес қосып жүрген шынайы еңбек адамы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...