Алматыда жаңа шағын өнеркәсіп паркі салынады

Алматыда жаңа шағын өнеркәсіп паркі салынады

«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы «Almaty Finance» ЖШС Алматының Индустриялық аймағында жаңа шағын өнеркәсіп паркін салу үшін несие желісін ашты. Бұл туралы «Алматы» ӘКК-нің өкілдері хабарлады.

Жоба «Almaty Business – 2025» өңірлік бағдарламасы аясында қаржыландырылды. Несиелік желінің жылдық сомасы 6 пайыздық мөлшерлемемен 500 млн теңге. Жобаны «Капстройгрупп-Т» ЖШС жүзеге асырады. Компанияның жеке инвестиция көлемі 700 млн теңге. Жобаның жалпы құны – 1,2 млрд теңге.

Жаңа шағын өнеркәсіп паркі ауданы 1 гектар болатын жер телімінде салынады. Жоба аясында жалпы ауданы 8 927 шаршы метр болатын үш өндірістік және бір әкімшілік ғимарат бой көтереді, оның 7 588 шаршы метрі жалға беріледі. Өнеркәсіп парктің аумағында 8-ден 10-ға дейін шағын және орта бизнес нысандары болады, бұл шамамен 150 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

«Шағын өнеркәсіп парктерін дамыту арқасында кәсіпкерлер бастапқы шығынсыз заманауи өндіріс орындарын құра алады. Мұндай ғимараттарды жалға алу құны бір шаршы метріне 2 350 теңгеге дейін беріледі, бұл сома ШОБ үшін қолжетімді. Алматы аумағында 30-дан астам шағын өнеркәсіп паркі жұмыс істейді, оның 15-ін «Almaty Finance» қаржыландырды», - деді «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасы Ерлан Егембердиев.

Қазіргі кезде нысан 43% дайын. Өндірістік ғимараттардың қаңқалық және әкімшілік ғимараттың көпқабатты бетон құрылымының құрылысы бітті.

Шағын өнеркәсіп паркінің құрылысын 2026 жылы 2 тоқсанда аяқтау жоспарланып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында жалпыхалықтық талқылау нәтижесінде түскен ұсыныстар, сондай-ақ жаңа...

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Айгүл Сәдуақасова жаңа...

В ходе девятого заседания Комиссии по конституционной реформе директор Института философии, политологии и религиоведения Айгуль Садвакасова...

Ауа-райының нашарлауына, боранға, көктайғаққа, қатты желге және нөлдік көрінуге байланысты ТЖМ құтқарушылары қар құрсауынан 96 адамды, оның ішінде 9...