Еңбек – елдің ертеңін жарқын ететін күш

Еңбек – елдің ертеңін жарқын ететін күш

Еңбек жолын адалдықпен бастау, елге қызмет етуді өмірлік мақсат ету – нағыз азаматтың болмысы. Қоғамның тұрақтылығы мен дамуына үнсіз үлес қосып жүрген еңбек адамдарының арасында өз ісіне берілген, жауапкершілігімен ерекшеленетін Нұрғали Еркінұлы Сүлейменовтің орны ерекше.

Нұрғали Еркінұлы 1974 жылдың 12 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысы, бүгінде мегаполиске айналған Шымкент қаласында дүниеге келген. Балалық шағын осы шаһарда өткізіп, алғашқы білімін 1981 жылы Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектепте алды. Кейін білімін №37 Фурқат мектебінде жалғастырып, тәрбие мен еңбекқорлықтың негізін осы орталардан бойына сіңірді.

Жастайынан тәртіпке үйренген Нұрғали Еркінұлы 1993–1994 жылдары Алматы қаласындағы Бурундай елді мекеніндегі 8/ч 2177 шекара бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеді. Әскер қатарында жүрген жылдар – оның өмірлік ұстанымын қалыптастырған кезең болды. Тәртіп, батылдық, жауапкершілік секілді қасиеттерді шыңдап, жас жігіттің азамат ретінде қалыптасуына үлкен әсер етті.

Әскери қызметтен соң кооператив саласында еңбек етіп, түрлі кәсіби міндеттерді атқара жүріп, жаңа тәжірибе жинады. 2006 жылдың 6 сәуірінен бастап Көкшетау қаласындағы әскери бөлімде ішкі әскер қатарында қызмет атқарды. Бұл мекемеде ол 2011 жылдың маусымына дейін келісімшарт негізінде жұмыс істеп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде өз үлесін қосты.

Әр салада шыңдалған тәжірибе оны азаматтық бағыттағы маңызды қызметтерге жетеледі. 2015–2017 жылдары Шымкент қаласындағы «Водомер» ЖШС-де су есептегіш құралдарын орнату бойынша слесарь қызметін атқарды. Бұл жұмыста да Нұрғали Еркінұлы жоғары еңбек тәртібін сақтап, міндетіне тиянақтылықпен қарады.

2020 жылдан бері Шымкент қаласы әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында еңбек етіп келеді. Қазіргі уақытта Су шығынымен күрес жөніндегі инспекция бөлімінің инспекторы қызметін атқарады. Ол – су ресурстарын тиімді пайдалануға бақылау жүргізіп, заңсыз тұтынудың алдын алу бағытында үздіксіз еңбек етіп жүрген маман. Әріптестері оны сабырлы, әділ, әр іске үлкен жауапкершілікпен қарайтын маман ретінде ерекше құрметтейді.

Қоғамдағы рөлімен қатар, Нұрғали Еркінұлы отбасында да үлгілі азамат. 2014 жылы шаңырақ көтеріп, өмірлік серігі Тлемисова Гүлданамен бақытты отбасы құрды. Қызы — Зере Нұрғалиқызы 2016 жылдың 12 мамырында дүниеге келіп, бүгінгі таңда ата-анасының қуанышына айналып отыр. Үйде де, жұмыста да бірдей жауапкершілік танытып, отбасының берекесін бірінші орынға қояды.

Нұрғали Еркінұлының өмір жолы – табандылықтың, еңбекке деген құрметтің, адалдық пен ұқыптылықтың көрінісі. Ол елге қызмет етуді мәртебе санайды, ал еңбектің қадірін өзінің күнделікті іс-әрекетімен дәлелдейді.

Мұндай азаматтар – қоғамның көрінбейтін тірегі. Қаланың әр бұрышында, әр үйінде су тоқтамай ағу үшін, адамдар таза әрі қауіпсіз инфрақұрылымды пайдалану үшін еңбек етіп жүрген жандар бар. Солардың бірі — Нұрғали Еркінұлы.

Елдің дамуы – осындай еңбек адамдарының қолында. Адал қызметі арқылы ол еліміздің жарқын болашағына үлес қосып келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...