Мемлекет басшысы Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Албания Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент жеделхатында екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал албан халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер...

24 сәуірде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Түрікменстан Республикасының Білім министрінің орынбасары...

Жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Сергеев су қоймасының, Ущев бөгетінің және Петропавл гидроторабының техникалық...