Әл-Фараби ауданында спорт алаңдары жаңартылуда

Әл-Фараби ауданында спорт алаңдары жаңартылуда

Әл-Фараби ауданында тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қауіпсіздік талаптарына сай келмей, тозығы жеткен спорт алаңдары кезең-кезеңімен жаңартылып, тұрғындардың еркін әрі жайлы спортпен айналысуына мүмкіндік жасалуда.

Жуырда аудан аумағында орналасқан бірнеше спорт алаңы толықтай жөндеуден өтті. Атап айтқанда:

Жангелді көшесі, №5,

Ирек көшесі, №14,

Сайрам шағынауданы, №2 мекенжайларындағы алаңдардың ескі резеңке төсеніштері жаңаларымен ауыстырылып, қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жаңартылған алаңдар енді балалар мен жасөспірімдердің ғана емес, барлық жастағы тұрғындардың белсенді демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қауіпсіз төсеніштер, жақсартылған инфрақұрылым және жаңартылған жабдықтар – спортпен айналысуды бұрынғыдан да жайлы етеді.

Аудан әкімдігі алдағы уақытта да спорт және демалыс алаңдарын кезең-кезеңімен жаңғыртуды жалғастырып, тұрғындар үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға басымдық бермек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...