Қазақстан мен Түрікменстан стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Түрікменстан стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуда

Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен екі ел басшылары арасында келіссөздер өтті. Кездесу барысында мемлекеттер арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанды бауырлас мемлекет және сенімді стратегиялық әріптес екенін атап өтті. Ол екі елді ғасырлар бойы қалыптасқан достық, ортақ тарих, тіл мен мәдениет байланыстыратынын айтты. Мемлекет басшысы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, серіктестіктің ауқымы мен сапасына жоғары баға берді. Сонымен қатар алдағы кезеңде жаңа міндеттерді бірлесіп шешудің маңыздылығын жеткізді.

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін алғыс білдірді. Ол қазақ халқына көрсетілген қонақжайлық үшін ризашылығын жеткізе отырып, Түрікменстанның Ұлт көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтің сәлемін жолдады. Сердар Бердімұхамедов екі ел арасындағы қарым-қатынастың достық, бауырластық және тату көршілік қағидаттарына негізделіп дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ өзара ықпалдастықтың саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды қамтитынын айтты.

Келіссөздер барысында қос мемлекет басшылары ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...