Арал ауданында облыстағы азаматтық қорғау қызметтерінің техникаларының саптық қарауы өткізілді

Арал ауданында облыстағы азаматтық қорғау қызметтерінің техникаларының саптық қарауы өткізілді

​20 қарашада сағат 16:30-да «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығу аясында Арал ауданының тұсынан өтетін «КАZ-06» «Қарабұтақ-Қызылорда-Шымкент» тас жолының бойында орналасқан «ҚАЖсервис» ЖШС Қызылорда облыстық филиалының №49 жол пайдалану учаскесінің ауласында облыстағы азаматтық қорғау қызметтерінің техникаларының саптық қарауы өткізілді.
​Аталған іс-шараның барысында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлының, Арал ауданы әкімінің орынбасары Бохаев Нұрмұхамет Омарұлының қатысуымен техникалардың жай-күйі, сапасы, жарамдылығы қаралды, азаматтық қорғау қызметтерінің дайындығын сарапқа салынды. Осы іс-шараға облыстың азаматтық қорғау қызметтерінің 185 адамы, 46 техникасы қатыстырылды.
​Онан соң «Үзіліс-3003» шартты белгісі қабылданып, облыстың басқару органдарына жеткізілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Орталық Азия және Моңғолиямен ынтымақтастық жөніндегі Еуропалық Парламент делегациясының (DCAS)...

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен «South Hydro Power» ЖШС Түркістан облысында бірнеше...