Сырдария ауданының Шаған ауылына табиғи газ қосылды

Сырдария ауданының Шаған ауылына табиғи газ қосылды

Сырдария ауданының Шаған ауылында табиғи газға қосу рәсімі өтіп, ауыл тұрғындары үшін маңызды инфрақұрылымдық кезең басталды. Салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жергілікті тұрғындарды тарихи сәтпен құттықтады. Жиналғандар қатарында құқық қорғау органдарының өкілдері, жауапты басқармалар мен ауыл ақсақалдары болды.

Аймақ басшысы бұл жобаның ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсартудағы рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, өңірде соңғы жылдары инвестициялық белсенділік артып, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда облыс экономикасына 1,6 трлн теңге инвестиция тартылған, ал биылғы көрсеткіш 720 млрд теңгеден асуы жоспарланған. Сондай-ақ 2025-2028 жылдары жалпы құны 2 трлн теңгеден асатын 90 жоба іске асырылып, 11 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Шаған ауылына табиғи газдың берілуі – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Бұған дейін ауыл тұрғындары қатты отын түрлерін пайдаланып келген болса, енді көгілдір отын үй шаруасын жеңілдетіп, тұрғын үйді жылыту шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Әкімнің айтуынша, газдандыру арқылы тұрғын үйлердің жайлылығы артып, экологиялық жағдай да жақсарады.

Рәсім барысында газдандыруға үлес қосқан мердігер мекемелердің өкілдері мен ардагерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қоғам қайраткері Әріп Хожбанов жиналғандарға ақ батасын берді.

Іс-шарадан кейін облыс әкімі ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Сонымен қатар өңірде атқарылып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асатын инфрақұрылымдық жобалар туралы ақпарат берді. Тұрғындар жаңа мүмкіндіктің ауылдағы өмір сапасына оң әсер ететініне сенім білдірді. Облыс басшылығы газдандыру жұмыстары өңірдің басқа елді мекендерінде де жалғасатынын атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...