Қызылордада бизнес пен инвестицияны қолдау бойынша ынтымақтастық күшейтілуде

Қызылордада бизнес пен инвестицияны қолдау бойынша ынтымақтастық күшейтілуде

Қызылорда облысында шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметовамен кездесіп, аймақтағы кәсіпкерлікті қаржыландыру және инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Тараптар бірлескен бастамаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, өзара серіктестікті кеңейтуге дайын екендерін жеткізді.

Кездесу барысында өңір экономикасын дамыту үшін несие қолжетімділігін арттыру, жаңа өндіріс орындарын ашу және жұмыссыздықты азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сөз болды. Облыста кәсіпкерлікті қолдау жыл сайын күшейіп келеді. Өткен жылы жеке бизнестің 4312 жобасына 78,6 млрд теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілген. Екінші деңгейлі банктер арқылы берілген 38,5 млрд теңгенің жартысын «Қазақстан Халық банкі» қаржыландырған.

Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар қарқын алған. Жыл басынан бері өңір кәсіпкерлеріне 41,8 млрд теңге қолдау көрсетілді. Соның ішінде екінші деңгейлі банктер 192 жобаға 18,1 млрд теңге көлемінде несие берсе, оның 60 пайызы аталмыш банк үлесіне тиесілі. Бұл көрсеткіш өңірде қаржы институтының белсенділігін және кәсіпкерлердің сенімін айқындайды.

Кездесуде «Өрлеу» бағдарламасы аясында ішкі сауда, өңдеу өнеркәсібі және шағын бизнеске қолдау көрсету ерекше аталды. Бағдарлама кәсіпкерлерге жеңілдетілген шарттармен несие алуға мүмкіндік беріп, жаңа өндірістерді дамытуға жағдай жасап отыр.

Облыс басшылығы мен банк арасындағы ынтымақтастық алдағы уақытта жаңа жобалардың жүзеге асуына ықпал етіп, Қызылорда өңірінің экономикалық өсімін қолдауға бағытталмақ. Тараптар бірлескен жұмысты жалғастырып, бизнеске қолайлы жағдай қалыптастыруға дайын екендерін жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...