Түркияның жетекші университеттерімен жаңа келісімдер жасалды

Түркияның жетекші университеттерімен жаңа келісімдер жасалды

Халықаралық білім корпорациясы (KazGASA) өкілдері Түркия Республикасының профильді университеттердің басшыларымен және салалық ұйымдардың өкілдерімен академиялық және ғылыми-зерттеу байланыстарын кешенді түрде дамытуға бағытталған кездесулер өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Кездесулер қорытындысы бойынша Түркияның 8 жетекші техникалық және мамандандырылған университеттерімен ынтымақтастық жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Хаджы Байрам Вели университеті, OSTIM техникалық университеті, Konya техникалық университеті, Орта Шығыс техникалық университеті (METU), Анкара Йылдырым Бейазыт университеті, Анкара Әлеуметтік ғылымдар университеті (ASBU) және Йылдыз техникалық университетімен бірлескен академиялық бағдарламаларды дамыту жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.

Қол қойылған құжаттар KazGASA студенттері үшін академиялық алмасу бағдарламаларына қатысу, бірлескен зерттеулер жүргізу және ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Сонымен қатар Ыстамбұл техникалық университетімен де келіссөздер жүргізіліп, тараптар ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға өзара мүдделілік танытқанын білдірді.

KazGASA ректоры Бахтияр Сабденалиев тарихи байланыстарды жаңғыртудың маңыздылығына тоқталып, аталған келісімдер ынтымақтастықты нығайтуда маңызды қадам екенін атап өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...