Еңбек жолындағы табандылық – кәсіби жетістіктің негізі

Еңбек жолындағы табандылық – кәсіби жетістіктің негізі

Шымкент қаласының коммуналдық саласында абыройлы еңбек етіп жүрген тәжірибелі мамандардың бірі – Тұрғанбаев Алмат Егемқұлұлы. Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, адалдық пен ұқыптылықты басты ұстаным еткен ол қазіргі уақытта «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында апатты қалпына келтіру учаскесінің білікті слесарі болып қызмет атқарады. Ұжым ішінде сенімді қызметкер ретінде танылып, кәсібилігімен және тиянақтылығымен ерекшеленіп келеді.

Алмат Егемқұлұлы 1989 жылдың 13 қазанында Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы, Үштөбе ауылында дүниеге келген. Бала кезінен еңбектің қадірін түсініп өскен ол мақсатқа жету жолында табандылық танытуды үйренді. 2008 жылы Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетіне оқуға түсіп, 2011 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Бұл білім оның өмірлік тәжірибесін толықтырып, кәсіби дамуына ықпал етті.

Оқу орнын тәмамдаған соң Алмат Егемқұлұлы еңбек жолын жеке кәсіпкерлік саласында бастады. Ол «А.Т.Е» жеке кәсіпорнын ашып, сауда және сантехникалық қызметтер көрсетумен, сондай-ақ құрылыс жұмыстарымен айналысып, алғашқы кәсіби тәжірибесін қалыптастырды. Өз ісін ұйымдастыру барысында ол жауапкершілік, тәртіп және іскерлік сияқты маңызды қасиеттерді дамытты.

Кейін түрлі мекемелерде еңбек етіп, кәсіби шеберлігін жетілдірді. 2012–2015 жылдары Алматы қаласындағы «МУР-ТАЗ» ЖШС-де, 2016–2018 жылдары Шымкент қаласындағы «Стандард Сити» компаниясында қызмет атқарды. Одан кейін 2018–2019 жылдары «Шымкент газ монтаждау» мекемесінде жұмыс істеп, инженерлік-коммуналдық бағыттағы тәжірибесін тереңдете түсті. 2019–2021 жылдары Қарағанды–Теміртау қалаларында «Ki-Bay» ЖШС-де еңбек етіп, өндірістік ортада жұмыс істеудің жаңа қырларын меңгерді.

2024 жылдың 16 мамырынан бастап Алмат Егемқұлұлы Шымкент қаласының «Су құбыры және канализация басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында апатты қалпына келтіру учаскесінің слесарі қызметін атқарып келеді. Бұл салада еңбек ету – жоғары жауапкершілікті талап ететін міндет. Қала тұрғындарына үздіксіз су беру және кәріз жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін апат жағдайларына жедел әрекет ету қажет. Алмат Егемқұлұлы осы міндетті абыроймен орындап, әр істі сапалы әрі уақытылы орындауға тырысады.

Әріптестері оның еңбекқорлығын, сабырлы мінезін және іскерлігін жоғары бағалайды. Ол өз жұмысында дәлдікке, тәртіпке және қауіпсіздік талаптарын сақтауға ерекше мән береді. Тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті жас мамандарға үлгі болып отыр.

Отбасында да үлгілі тұлға. 1996 жылы Төлеби ауданының тумасы Әбіхан Әйгеріммен шаңырақ көтеріп, бүгінде үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған ардақты әке.

Тұрғанбаев Алмат Егемқұлұлының еңбек жолы – табандылықтың, ізденістің және адал еңбектің жарқын көрінісі. Осындай азаматтар қаланың коммуналдық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, қоғамның дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...