Алматыда суық сумен жабдықтау және кәріз қызметін тұтынушылар үшін «Қарызды төле – өсімпұлды алып тастаймыз» акциясы басталды

Алматыда суық сумен жабдықтау және кәріз қызметін тұтынушылар үшін «Қарызды төле – өсімпұлды алып тастаймыз» акциясы басталды

Акция суық сумен, жылумен жабдықтау және кәріз қызметі үшін төлемді кешіктіріп төлегендіктен дебиторлық берешегі жиналып қалған жеке тұлғаларға (пәтер мен жеке үй иелеріне) арналған.

Акцияға қатысу үшін биыл желтоқсан айының соңына дейін барлық қарызды толық өтеу қажет және «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне жазбаша өтініш беріп, өтінішке төлем түбіртегінің (кассалық чек) көшірмесін қоса тапсыру керек:
* Жароков көшесі, 196, 1-қабат
* Жетысу-3 шағынауданы, 37-үй
* Ботаническая көшесі, 29А (Сейфуллин-Дегтярев қиылысы, «Север» ательесінің артында)
* Чуланов көшесі, 109 (Момышұлы көшесі, Райымбек және Рысқұлов даңғылдарының арасында)

Өсімпұл қарыз толық өтелген жағдайда ғана есептен шығарылады.

Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына келе алмасаңыз, құжатты Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштаға жіберуге болады.

Қарыз туралы ақпаратты немесе есептеу бойынша кеңесті 3-777-444 телефоны арқылы ала аласыздар.

Еске сала кетейік: қарыз уақытында өтелмеген жағдайда, тұтынушыларға қызмет көрсетілмейді, ал қарыз сомасы мүлік пен банктік шоттарға тыйым сала отырып, сот арқылы өндіріп алынады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...