Сотталған тұлғаларды еңбекке баулу – әлеуметтік маңызды мәселе

Сотталған тұлғаларды еңбекке баулу – әлеуметтік маңызды мәселе

Қоғамды ізгілендіру мақсатында сотты болған тұлғаларды жұмыспен қамту, қоғам өміріне қайта жұмылдыру бағытындағы жұмыстар маңызды саналады. Осы мақсатта Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №53 мекемесіне жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының, қалалық әкімдіктің өкілдері және жергілікті кәсіпкерлерден құралған топ түзету мекемесінің бос тұрған өндірістік нысандарын аралады.

«Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – мекеме аумағында кәсіпорын немесе цех секілді жұмыс орындарын ашу мүмкіндігімен танысу. Кәсіпкерлер палатасының жанындағы салалық кеңестердің мүшелерін хабардар етіп, қызығушылық танытқан кәсіпкерлермен бірге келдік. Бизнес қоғамдастық өкілдері өздерінің жобаларына қолайлы орындармен танысып, алдағы уақытта өндірісті ашу мүмкіндікдерін қарастыратындарын мәлімдеді. Мекеме басшысы жұмыс орындарын ашуға жағдай жасалғанын мәлімдеп отыр», – деді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Кәсіпкерлер сотты болған тұлғаларды алдағы уақытта өз өндірістерінде жұмыспен қамту мүмкіндіктермен танысты. Өндіріс орындар ашу үшін №53 түзету мекемесінде жаңадан салынған, жалпы алаңы 700 шаршы метр, жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалған ангар кәсіпкерлердің назарына ұсынылып, пайдалану шарттары түсіндірілді. Киім және аяқ киім, ағаш пен темір өңдеу өндірістері бар кәсіпкерлер ангарда өз кәсіптерін ашуға қызығушылық танытты.

Мұндай бастамалар әлеуметтік қайта бейімдеудің тиімді тетіктерінің бірі болып саналады. Еңбекке тартылған сотталған азаматтар өз еңбекақылары арқылы отбасыларын материалдық қолдауға мүмкіндік алады, бұл олардың әлеуметтік байланыстарын сақтауға оң әсер етеді. Сонымен қатар, еңбекпен қамту қылмысқа қайта оралу ықтималдығын төмендететін маңызды факторлардың бірі ретінде қарастырылады.

Жауапты мамандар істі болған азаматтарды еңбекке баулу, қайта әлеуметтендіру және мекеме базасында жаңа өндіріс бағыттарын дамыту жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар Шымкент қаласында әлеуметтік жауапкершілікті арттырып, қоғамға бейімделуге мүмкіндік береді.

Осындай бастамалардың жүзеге асуы – қоғамның қауіпсіздігіне, әлеуметтік тұрақтылығына және адам тағдырына деген құрметтің көрінісі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...