Ақылды бағдаршамдардан бастап стартаптарға дейін: Қарағанды облысында цифрландыру бағыты қарқынды дамуда

Ақылды бағдаршамдардан бастап стартаптарға дейін: Қарағанды облысында цифрландыру бағыты қарқынды дамуда

Қарағанды облысында жасанды интеллект технологиялары жолдардағы ақауларды анықтауға, көлік кептелісін азайтуға және қызмет көрсету саласында тиімділікті арттыруға көмектесуде. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

– Біздің өңір IT саласындағы базасы мықты және бұл бағытта нақты нәтижелер көрсетіп келеді. JoLScan атты пилоттық жоба іске қосылды. Ол жедел жәрдем көліктерінің камераларынан алынған деректер арқылы жол жабынындағы ақауларды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Яндекс» компаниясымен бірлесіп «ақылды бағдаршамдар» жүйесін енгіздік – жүргізушілерге бағдаршамның ауысу уақыты туралы ақпарат нақты уақыт режимінде беріледі. Ал ақылды автотұрақ жүйесі бейнебақылау мен жасанды интеллектті біріктіріп, бос орындарды онлайн көрсетеді, – деді аймақ басшысы.

Әкім бір стартапты мысал ретінде келтірді. Жоба 200 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартқан. Ол дәмханалар мен мейрамханаларға арналған автоматтандырылған бақылау жүйесін ұсынады, бұл қызмет сапасын арттыруға, қызметкерлерді ынталандыруға және орташа чек көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, өңірде IT-компаниялардан түсетін салық көлемі жыл сайын 35 пайызға өсіп келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Елордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатына негізделген Халықаралық волонтерлер...

24 сәуірде Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Түрікменстан Республикасының Білім министрінің орынбасары...

Жұмыс сапары барысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Сергеев су қоймасының, Ущев бөгетінің және Петропавл гидроторабының техникалық...