Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық падел федерациясының (FIP) президенті Луиджи Карраро мен Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасы Нассер Бен Ганим Әл-Хелаифиді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық падел федерациясының (FIP) президенті Луиджи Карраро мен Premier Padel әлемдік кәсіби турының төрағасы Нассер Бен Ганим Әл-Хелаифиді қабылдады

Кездесу барысында Қазақстанда падел спортын дамыту перспективасы талқыланды. Бүгінде елімізде 1,5 мыңнан астам ойыншыны біріктіретін қоғамдастық қалыптасып, 16 облыста өңірлік федерация құрылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент мемлекеттің бұқаралық спортты өркендетуге және заманауи инфрақұрылым жасақтауға айрықша көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Қазіргі кезде елімізде падел ойынына арналған 17 корт бар. 2027 жылы Алматы қаласында халықаралық стандартқа сай келетін 10 корты бар ADD PADEL ARENA спорт кешенін ашу жоспарланып отыр. Орталық Азиядағы заманауи спорт нысандарының біріне айналатын бұл аренада Premier Padel деңгейіндегі турнирлерді ұйымдастыруға болады.

Президент футболды дамыту мәселесіне арнайы тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде футбол клубтарын жекешелендіру және бәсекелес орта қалыптастыру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты. Президент УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі және «Пари Сен-Жермен» клубының акционері ретінде әлемдік футболға қосқан үлесі үшін Нассер Әл-Хелаифиге алғыс айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанның Халықаралық падел федерациясымен ынтымақтастығын нығайту елімізде осы спорт түрін дамытуға әрі танымалдылығын арттыруға ықпал ететініне сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...