Балық шаруашылығы су айдындары 60 000 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды

Балық шаруашылығы су айдындары 60 000 тоннаға жуық қоқыстан тазартылды

Қазақстанда табиғи ресурстарды сақтау және ішкі су айдындарының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған «Таза су айдындары» атты ауқымды экологиялық акция аяқталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
Іс-шара барысында су айдындарынан және олардың жағалау аймақтарынан 60 мың тонна қоқыс пен иесіз балық аулау торлары жиналып, жойылды.
Акция қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру аясында өткізілді. Негізгі мақсат - су экожүйелерінің тазалығын сақтау, биоресурстардың тұрақтылығын қамтамасыз ету және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру.
Экологиялық шараға экология департаменттерінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, студенттер, еріктілер және қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.
Бекітілген кестеге сәйкес, акцияға Тобыл-Торғай, Есіл, Нұра-Сарысу, Зайсан-Ертіс, Жайық-Каспий, Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл және Шу-Талас аймақаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциялары қатысты. Жалпы алғанда, акцияға 1100-ден астам адам, 170 техника бірлігі, соның ішінде 59 су көлігі жұмылдырылды.
Жағалау сызығының ондаған шақырымы тазартылды.
Мұндай шараларды өткізу су сапасын жақсартуға, су айдындарының табиғи флорасы мен фаунасын қалпына келтіруге, сондай-ақ азаматтардың табиғатқа жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...