Қазақстан мен Қытай арасындағы құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайту

Қазақстан мен Қытай арасындағы құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайту

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Бейжің қаласында өткен «Қытай — Орталық Азия: құрылыс саласындағы ынтымақтастық» конференциясына қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Бағдарлама аясында «Ыңғайлы тұрғын үй мен тұрақты ақылды қала үшін технологиялар: құрылыс саласындағы озық тәжірибе мен технологиялар алмасу» атты конференция және «Қытай — Орталық Азия: құрылыс технологиялары мен индустриясы мәселелері» атты кездесу өтті. Іс-шаралар Xinjiang Plaza алаңында ұйымдастырылды.

Бұл іс-шара Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы құрылыс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ инновациялық және «жасыл» технологияларды енгізуге, құрылыс саласын цифрландыру мен жаңғырту тәжірибесімен алмасуға бағытталды.

Қазақстанның конференцияға қатысуы бірлескен жобаларды дамытуға, жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға және серіктестік қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...