Вице-премьер Қанат Бозымбаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

Үкімет үйінде вице-премьер Қанат Бозымбаев Дүниежүзілік банк делегациясымен кездесті. Кездесуде «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асырудың келесі кезеңдері мен тікелей шетелдік инвестицияларды тартуда банктің атқаратын рөлі талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында Дүниежүзілік банк өкілдері қолжетімді несиелеу құралдарын, қаржыландыру шарттары мен пайыздық мөлшерлемелерін ұсынды. Ал «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, негізгі секторлар бойынша 2029 жылға дейінгі жобалар пулын жасақтау үстінде. Бұл жобалар тізімі жан-жақты талдау және келісу үшін Дүниежүзілік банкке жолданады.

Сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту саласындағы әріптестік перспективалары да қаралды. Еліміздегі бірқатар ірі су арнасына кешенді талдау жүргізіліп, Сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін дамыту жөніндегі жол картасы әзірленді. Дүниежүзілік банктің қаражатын гидравликалық жүйелерді орнатуға, су арналарын автоматтандыру және цифрландыруға бағыттау жоспарлануда. Банк несиесі есебінен алғашқы жобалар Астана, Ақтау, Петропавл, Талдықорған, Сарыағаш, Текелі және Қосшы қалаларында жүзеге асырылатын болады.

Алдағы кезеңде мелиорация жүйелерін, сондай-ақ жылу және энергетикалық желілерді жаңғырту бойынша тағы екі жол картасын әзірлеу көзделген.

Кездесу соңында Қанат Бозымбаев еліміздің стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым нысандарын жаңғырту жұмыстарына белсенді атсалысуға дайын екені үшін Дүниежүзілік банк тобына алғысын білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...