Мемлекет басшысы Qazaq Stroy компаниялар тобының құрылтайшысы Нұрлан Артықбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Qazaq Stroy компаниялар тобының құрылтайшысы Нұрлан Артықбаевты қабылдады

Кездесу барысында құрылыс саласын дамытудың басты бағыттары, сондай-ақ жеке бизнестің инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның негізі қаланған 10 жыл ішінде 55-тен астам жоба жүзеге асырылғаны жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, кәсіпорын 4,8 миллион шаршы метр тұрғын үй салған, соның ішінде 3,6 миллион шаршы метрі – әлеуметтік нысандар.

Нұрлан Артықбаев Qazaq Stroy азаматтарды қолдауға және қала инфрақұрылымын дамытуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды белсенді іске асырып жатқанын айтты. Компания жыл сайын көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 100-ден астам пәтер береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...