Қызылорда облысында ауыз су жүйелерін жаңғырту жұмыстары қарқын алды

Қызылорда облысында ауыз су жүйелерін жаңғырту жұмыстары қарқын алды

Қызылорда облысында тұрғындарды таза ауыз сумен және су бұру жүйесімен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде аймақтың төрт қаласы мен 222 ауылдық елді мекенінің барлығы дерлік сапалы ауыз суға қол жеткізген. Қазіргі таңда облыс халқының 98,6 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыз су тапшылығы бар 19 елді мекенді 2025 жылдың соңына дейін сапалы сумен толық қамтамасыз ету мақсатында арнайы жол картасы бекітілген. Осы жоспар аясында Арал ауданының Ерімбетжаға және Тастүбек ауылдарын топтық су құбырына қосу, сондай-ақ Қазалы ауданындағы Шәкен, Шилі, Сарбұлақ және Шитүбек елді мекендерінде ішкі су жүйелерін салу жұмыстары басталды.

Аталған жобаларға республикалық, облыстық және арнаулы қорлардан жалпы 4,6 миллиард теңге қаржы бөлінді. Соның ішінде Арал ауданындағы жобаларға 2,17 миллиард теңге, Қазалы ауданындағы нысандарға 1,49 миллиард теңге қарастырылған. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 83 шақырым жаңа су құбыры тартылып, шамамен 6 мың тұрғын орталықтандырылған су жүйесіне қосылады.

Сонымен қатар, Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырының екінші тармағын салуға 3 миллиард теңге, Қызылорда қаласындағы биологиялық кәріздік тазарту станциясын жаңғыртуға 720,8 миллион теңге, ал Гагарин көшесіндегі кәріздік сорғы станциясын реконструкциялауға 101,4 миллион теңге бөлінді.

Облыстық бюджет есебінен қосымша 1,2 миллиард теңгеге алты жоба іске асырылуда. Бұл шаралардың нәтижесінде су желілерінің тозу деңгейі 33 пайызға, ал кәріз жүйелерінің тозу деңгейі 32 пайызға дейін төмендемек.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың соңына қарай Қызылорда облысы тұрғындарының 100 пайызы таза ауыз сумен қамтылмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

9 февраля 2026 года в Национальной академической библиотеке РК в городе Астане по инициативе Клуба главных редакторов Республики Казахстан состоялся круглый стол на...