EGov Mobile — қосымшасындағы "Заң және тәртіп" сервисі - азаматтардың полициямен байланысының тиімді құралы

EGov Mobile — қосымшасындағы "Заң және тәртіп" сервисі - азаматтардың полициямен байланысының тиімді құралы

EGov Mobile — қосымшасындағы "Заң және тәртіп" сервисі - азаматтардың полициямен байланысының тиімді құралы, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде ағымдағы жылдың маусым айынан бастап eGov Mobile мобильді қосымшасында азаматтарға құқық бұзушылықтар туралы полиция органдарына тікелей хабарлауға мүмкіндік беретін "заң және тәртіп" сервисі табысты жұмыс істеуде.

Сервисті пайдалану үшін қосымшаны ашып, "Заң және тәртіп" белгішесін тауып, оқиғаның санатын таңдап, жағдайды сипаттап, қажет болған жағдайда фотосуретті немесе бейнені тіркеп, ЭЦҚ немесе SMS-код көмегімен өтінімді растау қажет. Сервис тәулік бойы жұмыс істейді, келіп түскен сигналдарды полиция департаментінің жедел басқару орталығы жедел өңдейді, кейін жақын маңдағы патрульдік полиция нарядтарына немесе учаскелік инспекторларға жіберіледі. Сервис іске қосылған сәттен бастап облыс тұрғындарынан қосымша арқылы полицияға 300 — ге жуық хабарлама келіп түсті, оның 78-і жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша, 18 — і жол — көлік оқиғаларына, 155-і басқа да құқық бұзушылықтарға және 11-і тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне қатысты.

Хабарлама келіп түскеннен кейін полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері жедел шаралар қабылдау үшін ақпаратты патрульдік полицияның жақын маңдағы нарядтарына немесе учаскелік инспекторларға дереу жолдайды.

"Заң және тәртіп" сервисі — қоғамдық қауіпсіздік пен жедел әрекет ету деңгейін арттыруға ықпал ететін азаматтардың полициямен цифрлық өзара іс-қимылының тиімді құралы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ата Заңның жаңа мәтініндегі жаңа ұстанымдар мен нормалар басқа елдерге үлгі де бағдар да болатын жаңашылдықтар. Бұл туралы Конституциялық реформа...

Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Starlink өкілдерімен елімізде спутниктік технологияларды...

Ақтау гарнизонында теңіз жаяу әскерінің десанттық-шабуылдау батальонында мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген матрос Бақдәулет Күздібаев әскери...