Түркістан облысы: Жетісай ауданында тағы бір елді мекен көгілдір отынға қосылды

Түркістан облысы: Жетісай ауданында тағы бір елді мекен көгілдір отынға қосылды

Түркістан облысында экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірде газдандыру ісі кезең-кезеңімен жүзеге асып, халықтың тұрмысына айтарлықтай оң әсерін тигізуде. Соның айғағы ретінде Жетісай ауданындағы Жаңа ауыл ауылдық округінің Атақоныс елді мекені табиғи газбен қамтамасыз етіліп, тұрғындардың көптен күткен қуанышы орындалды.

Бұл игі шараның басты мақсаты – халықты экологиялық жағынан қауіпсіз әрі тиімді энергия көзімен қамту. Бұған дейін қатты отын жағып, күл-қоқыс шығару сынды тұрмыстық қиындықтарға тап болған тұрғындар енді көгілдір отынның игілігін көре бастады. Газдың келуі – ауыл тұрғындарының өмірін жеңілдетіп қана қоймай, қоршаған ортаның тазалығына да оң ықпал етеді.

Атақоныс елді мекеніндегі салтанатты шараға аудан әкімі Серік Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, аудандық мәслихат депутаты Мақсат Айнабеков және «QazaqGazAimaq» Жетісай аудандық филиалының басшысы Бақтыбай Акеев қатысты. Жиналған көпшілік алдында сөз сөйлеген аудан басшысы газдандыру жобасының өңірдің әлеуметтік және экологиялық дамуына үлкен серпін беретінін атап өтті.

Газ инспекциясы өкілдері тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, арнайы жадынамалар таратты. Олар тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салды.

Бұл жобаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 527 миллион 481 мың теңге бөлінді. Ұзындығы 21,9 шақырымды құрайтын жаңа газ құбырының арқасында 2709 тұрғыны бар ауылдың 374 үй шаруашылығы көгілдір отынға қосылды. Тұрғындар үшін бұл – ұзақ жылдар бойы күткен тарихи сәт.

Жетісай ауданында газдандыру бағытында соңғы жылдары айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Қазіргі таңда аудандағы 105 елді мекеннің 91-і табиғи газбен қамтылған. Бұл жалпы көрсеткіштің 86,6 пайызын құрайды. Биылғы жылы 11 елді мекен көгілдір отын жүйесіне қосылса, өткен жылы 4 ауылда газ құбыры тартылған.

Аудандық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, газдандыру жобалары тек елді мекендердің тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, шағын және орта бизнестің дамуына да жол ашады. Әлеуметтік нысандар – мектептер мен балабақшалар, медициналық пункттер де біртіндеп көгілдір отынға көшірілуде.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жетісай ауданында табиғи газ тарту жұмыстары экологиялық қауіпсіздік пен энергия тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл бастама «Жасыл Қазақстан» және «Таза Қазақстан» бағдарламаларымен үндесіп, қоршаған ортаға шығатын зиянды қалдықтарды азайтуға мүмкіндік береді.

Нұралхан Көшеров өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту мен тұрғындарды табиғи газбен қамту ісін облыстың дамуының басым бағыты ретінде атап өткен болатын. Оның айтуынша, экологиялық таза отын түрлерін кеңінен қолдану – өңір тұрғындарының денсаулығын сақтауға, өмір сапасын жақсартуға және ауылдық аумақтардың тартымдылығын арттыруға жол ашады.

Жетісай ауданының газдандыру жұмыстары бұл бағыттағы жоспарлы және жүйелі жұмыстың нәтижесі. Қазіргі таңда сала мамандары мен мердігер ұйымдар барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жобаларды уақытында аяқтауға күш салуда.

Атақоныс елді мекенінің көгілдір отынға қосылуы – аудан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған ірі қадамдардың бірі. Бұл жобаның жүзеге асуы арқылы тұрғындардың өмір сүру деңгейі ғана емес, экологиялық ахуал да айтарлықтай жақсармақ.

Сала өкілдерінің мәліметінше, жыл соңына дейін тағы 10,5 мың тұрғыны бар 9 елді мекен табиғи газ жүйесіне қосылады. Осылайша, аудан халқының барлығы дерлік экологиялық таза энергия көзіне қол жеткізіп, тұрмыс сапасы жаңа деңгейге көтеріледі.

Табиғи газдың ауылдарға жетуі – тек инженерлік инфрақұрылымның дамуы емес, ол өңірдің экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығының маңызды көрсеткіші. Бұл – мемлекет пен жергілікті биліктің тұрғындарға деген нақты қамқорлығының көрінісі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінде талқылау жиыны...

На основании ряда предложений от граждан, общественных организаций, ученых и юридического сообщества в проект новой Конституции РК были внесены...

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң...