Алатауда алғашқы 5G базалық станциясы іске қосылды

Алатауда алғашқы 5G базалық станциясы іске қосылды
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті өкілдерінің жұмыс сапары барысында байланыс сапасын жақсарту және телекоммуникация қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелері қарастырылды. Комитет өкілдері Алатау қаласы әкімдігі және байланыс операторларымен бірлесіп «Заречный» және «Жетіген» шағын аудандарында, сондай-ақ «Алматы–Қонаев» автожолына барды. Негізгі назар тұрақты сигналды қамтамасыз етуге және қала маңы мен шалғай аумақтарда байланыс қолжетімділігін арттыруға бағытталды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ