Шымкент жастарына жаңа мүмкіндік: грант пен жұмыс қолдауы қатар жүріп жатыр

Шымкент жастарына жаңа мүмкіндік: грант пен жұмыс қолдауы қатар жүріп жатыр

Шымкент қаласында тұрғындарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүйелі түрде жүзеге асып келеді. 2025 жылдың 20 қазанынан бастап Business.enbek.kz порталы арқылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдау басталады. Бұл — биылғы жылдың үшінші легі. Өтінім қабылдау 3 қарашаға дейін жалғасады.

Бағдарлама аясында Шымкент қаласының 93 тұрғынына 400 айлық есептік көрсеткішке (1 572 800 теңгеге) дейінгі көлемде грант беру жоспарланған. Гранттың басты мақсаты — тұрғындардың жаңа бизнесін бастауына немесе қолданыстағы ісін кеңейтуіне қолдау көрсету. Жобаға жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар мен жеке кәсіпкерлер қатыса алады.

Өтінім беру үшін порталға тіркеліп, грант шарттарына сәйкестікті растау және бизнес-жоспарды толтыру қажет. Барлық құжаттарға электронды цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылады. Сонымен қатар өтінімді Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы немесе мансап орталықтарындағы өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы беруге мүмкіндік бар. Комиссия шешімі әр қатысушының жеке кабинетіне жолданады. Грант алған азаматтар қаражаттың мақсатты жұмсалуы туралы тоқсан сайын электронды есеп тапсырады.

Сонымен бірге, қалада жастардың еңбек нарығына бейімделуін қолдау мақсатында бірқатар бағдарламалар да табысты іске асуда. Солардың бірі — «Жастар практикасы». Аталған бағдарлама арқылы биыл Шымкентте 2 251 жас маманды уақытша жұмыспен қамту көзделсе, қазіргі таңда 1 643 жасқа жолдама берілді. Бұл бастама жастардың кәсіби тәжірибе жинақтап, тұрақты жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндік туғызады.

«Жастар практикасы» бағдарламасымен қатар «Алғашқы жұмыс орны» жобасы да іске асырылып отыр. Оның шеңберінде 1 161 жасты жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінде 346 жас маман алғашқы жұмыс орнына жолданды. Бұл жобалар еңбек нарығына жаңа буын кадрларын тартуға және жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған.

Бағдарламаларға қатысу үшін жастар мен тұрғындар Enbek.kz порталына жұмыссыз ретінде тіркеліп, аудандық мансап орталықтарынан немесе халыққа қызмет көрсету орындарынан толық мәлімет ала алады.

Шымкентте кәсіп ашуға ниетті азаматтарға да, алғашқы еңбек тәжірибесін алғысы келетін жастарға да барлық жағдай жасалған. Грант пен жұмыспен қамту тетіктерінің қатар жүруі — мегаполис жастарының табысты болашағына жол ашатын нақты қадам.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В проект новой Конституции Казахстана встроены действенные правовые механизмы защиты от искусственного паралича власти и сценариев затяжного...

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Конституциялық комиссияның 10-отырысында жаңа Ата Заң жобасы әу...

Председатель Федерации профсоюзов Республики Казахстан Сатыбалды Даулеталин на 10-м заседании Конституционной комиссии подчеркнул, что работа над...