Биыл Астанада 1 млн-нан астам жасыл желек отырғызылады

Биыл Астанада 1 млн-нан астам жасыл желек отырғызылады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биыл абаттандыру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы жазды, деп хабарлайды No-comment.kz - Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

«Елордамыз жыл сайын көркейіп, құлпырып келеді.

Бұрын бос жатқан аумақтар мен күтімсіз жерлер бүгінде біртіндеп «жасыл мекенге» айналып келеді. Биыл қала аумағында 1 миллионнан астам жасыл желек (көшет, бұта, ағаш) отырғызамыз. Оның ішінде елорданың жасыл белдеуі де бар.

Біз саябақтар мен қоғамдық орындарды ғана емес, сол сияқты тұрғын үйлерді, аулаларды, көрікті жерлерді, әлеуметтік нысандарды ауқымды абаттандырып жатырмыз.

Бүгін «ҚазМұнайГаз» гүлзарында ағаш отырғызу іс-шарасына қатыстым. Ашық аспан астында ғарыш музейінің жанындағы бұл аумақ біртіндеп жайлы әрі жасыл алаңға айналып келеді.

Биыл 170 аула мен қоғамдық орынды (саябақтар, гүлзарлар, желекжолдар) абаттандырдық. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданын қамтиды», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінде талқылау жиыны...

На основании ряда предложений от граждан, общественных организаций, ученых и юридического сообщества в проект новой Конституции РК были внесены...

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң...