Астанада БҰҰ-ның 80 жылдығы аталып өтті

Астанада БҰҰ-ның 80 жылдығы аталып өтті

Астана, 2025 жылғы 17 қазан – Біріккен Ұлттар Ұйымы күні мен оның 80 жылдығына орай Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрында салтанатты концерт өтті. Іс-шараны Қазақстандағы БҰҰ Елдік тобы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Кешке мемлекеттік органдардың, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, азаматтық қоғам мен жастар қауымы қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстанның БҰҰ Жарғысына деген берік бейілділігін және оның халықаралық бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақты дамуды сақтаудағы орталық рөлін ерекше атап өтті.

Ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясындағы сөзінде Біріккен Ұлттар Ұйымының жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту ісіндегі шешуші рөлін атап өткенін еске салды.

Е.Ашықбаев Қазақстанда БҰҰ жүйесіне кіретін 27 агенттік пен мекеме жұмыс істейтінін және Алматыдағы БҰҰ Орталық Азия мен Ауғанстан бойынша Орнықты даму жөніндегі өңірлік орталығының маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча бейбітшілік, орнықты даму және адам қадір-қасиеті жолындағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтіп, БҰҰ мен Қазақстан арасындағы серіктестіктің жоғары деңгейін және 2030 жылға дейінгі Орнықты даму күн тәртібін іске асырудағы нәтижелі ынтымақтастықты ерекше айтты.

Дирижёр Ернар Нұртазиннің жетекшілігімен Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық симфониялық оркестрдің өнер көрсетуі кештің ерекшелігі болды. Классикалық және заманауи шығармалардан құралған музыкалық бағдарлама көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Іс-шара аясында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығына арналған «Қазпошта» АҚ-пен бірлесіп шығарылған UN80 мерейтойлық пошта маркасының тұсаукесері өтті. Марка бірлік, ынтымақтастық және орнықты даму құндылықтарына бейілділікті бейнелейді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында экономика саласына жасанды интеллект енгізу...

Житель г.Шымкент организовал и координировал работу подпольного интернет-казино, функционировавшего через мобильное приложение. Для реализации...

Шымкент қаласының тұрғыны мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген жасырын интернет-казиноны ұйымдастырып, оның жұмысын үйлестірген. Қылмыстық схеманы іске асыру...