ХБК мен Мадрид политехникалық университеті меморандумға қол қойды

ХБК мен Мадрид политехникалық университеті меморандумға қол қойды

Халықаралық білім беру корпорациясы (ХБК) Испанияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Мадрид политехникалық университеті арасында (Universidad Politécnica de Madrid, UPM) ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Келісімге ХБК ректоры Бахтияр Сабденалиев Мадрид политехникалық университетінде қол қойды. Құжатта Мадридтің Жоғары техникалық сәулет мектебі (ETSAM – Escuela Técnica Superior de Arquitectura de Madrid) және Азаматтық инженерияның Жоғары техникалық мектебі (Escuela Técnica Superior de Ingeniería Civil) арасында бірлескен ғылыми-зерттеу және академиялық қызметті дамыту қарастырылған.

Тараптар студенттер мен профессор-оқытушылық құрам үшін академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру, Erasmus+ және Horizon халықаралық жобалары аясында бірлескен зерттеулер жүргізу, білім беру бағдарламаларын жетілдіру және қос дипломды магистратура мен PhD бағдарламаларын әзірлеу жөнінде келіссөз жүргізді.

Сонымен қатар биылғы оқу жылында UPM азаматтық құрылыс мектебінің профессоры Игнасио ХБК құрамына Visiting Associate Professor ретінде қосылатыны атап өтілді.

Меморандумға қол қою Халықаралық білім беру корпорациясының жаһандық деңгейдегі ғылыми әлеуетін арттыру мен халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінде талқылау жиыны...

На основании ряда предложений от граждан, общественных организаций, ученых и юридического сообщества в проект новой Конституции РК были внесены...

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң...