Шымкентте республикалық пікірсайыс турнирі басталды

Шымкентте республикалық пікірсайыс турнирі басталды

Республика күні мен Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның 35 жылдығына орай Шымкент қаласында «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты республикалық пікірсайыс турнирі басталды.

Ауқымды зияткерлік сайыстың ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек қатысып, қатысушы жастарға сәттілік тілеп, игі тілегін жеткізді.

Турнирге еліміздің 9 өңірінен – Астана, Алматы қалалары мен Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарынан 120-дан астам команда қатысуда. Олар пікірсайыс алаңында өзара білім мен шешендік шеберліктерін сарапқа салуда.

Жарыстың төрелік ету жұмыстарына Шымкент қаласындағы үш жоғары оқу орнынан іріктелген тәжірибелі пікірсайысшылар және пікірсайыс қозғалысының аға буын өкілдері тартылған. Жалпы саны 70-ке жуық кәсіби төреші пікірсайыстың әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етуде.

Турнир барысында қаралатын қарарлар қоғамдағы өзекті мәселелерді қамтиды. Атап айтқанда, технология, демократия, құқықтық мәдениет, білім беру жүйесі және жастар саясатына қатысты тақырыптар бойынша пікір білдіріліп, түрлі көзқарастар талқылануда.

Екі күнге жоспарланған республикалық пікірсайыс турнирі ертең қорытындыланып, жеңімпаздары анықталатын болады.

Бұл пікірсайыс турнирі – жастардың сыни ойлау қабілетін, шешендік өнерін және азаматтық ұстанымын дамытуға бағытталған маңызды алаң. Осындай зияткерлік сайыстар арқылы жас буын елдің қоғамдық және саяси өміріне белсенді араласуға, өз пікірін дәлелдеп айтуға үйренеді.

 

Жарыс соңында үздік команда мен спикерлер арнайы кубоктар және марапаттармен наградталмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай республикалық деңгейдегі шаралар еліміздің пікірсайыс қозғалысын нығайтып, жастар арасында патриоттық рух пен қоғамдық белсенділікті арттыруға зор ықпал етеді.

«Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» атты турнир жас ұрпақтың интеллектуалды әлеуетін арттырып, ел болашағына сеніммен қадам басуға мүмкіндік беретін маңызды оқиғаға айналды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау және түсіндіру мақсатында Шымкент қаласындағы «Болашақ» колледжінде талқылау жиыны...

На основании ряда предложений от граждан, общественных организаций, ученых и юридического сообщества в проект новой Конституции РК были внесены...

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң...